Бокстан 10-24 мамыр аралығында Шри-Ланканың Коломбо қаласында өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында барлық боксшы қыздарымыз құрмет тұғырының биік сатысынан көрінді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. 12 салмақта жүлде үлестірілген әйелдер жекпе-жегінде барлық отандасымыз финалда жұдырықтасты. Бастапқы жеңіл салмақтағы үш жекпе-жекте жолымыз болмағанымен, қалған тоғыз жекпе-жекте қатарынан спортшыларымыз қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді. 7 жекпе-жек мерзімінен бұрын тоқтатылды. ...
Read More »Tag Archives: алтын медаль
Бокстан АЧ: Қазақ қыздары 12 алтын медаль жеңіп алды
Бокстан Шри-Ланкада өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында жастар санаты бойынша Жанкелді Ахметов жаттықтыратын Қазақстанның қыздар құрамасы 12 алтын медаль жеңіп алды. Бұл чемпионат 10 мамырда жалауын көтерген. Ол 24 мамырға дейін болады. Сары құрлық бәсекесі Шри-Ланканың астанасы — Коломбода болып жатыр. Оған Қазақстан қыздар құрамасы да қатысуда. Бүгін бұрымды боксшылардың бәрі финалға шығып, Азия чемпионы атағын жеңіп алғаны туралы қуанышты ...
Read More »Қазақстан суға жүзуден 60-қа жуық медаль жеңіп алды
19 мамырда Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында суға жүзуден Орталық Азияның алғашқы ашық чемпионаты басталды. Ол 23 мамырға дейін болады, деп хабарлады Суға жүзуден және су спорты түрлері федерациясы. Турнирде Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстан мен Түрікменстан құрамалары арасында 158 медаль сарапқа салынады. Жарыстың ортасына қарай Қазақстан спортшылары 60-қа тарта медаль жеңіп алды. Ұйымдастырушылар Өзбекстанда осындай беделді турнир алғаш рет өткізіліп отырғанын атап ...
Read More »Отандасымыз АҚШ-та топ жарды
АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен халықаралық таэквондо жарысында Әділет Базарбаев алтын медаль жеңіп алды. 17 мамырда АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында орналасқан Industry Hills Expo Center-де «International Taekwondo Fest 2025» турнирі болды. Бұл жарысқа әлемнің әр түкпірінен келген 300-ден аса спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Оған Қазақстан атынан қатысқан Әділет Базарбаев ерекше көзге түсіп, 63 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Ол ...
Read More »Айбота Ертайқызы Азия чемпионы атанды
Сингапурда өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында жекелей сындағы лента жаттығуының финалында Айбота Ертайқызы әділқазылардың үздік бағасына ие болып, алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бұл бағдарламада тағы бір отандасымыз Айым Мейіржанова төртінші орыннан көрінді. Айбота Ертайқызы – 28.15 балл (Қазақстан) Наталья Усова – 27,55 (Өзбекстан) Рейна Матсусаки – 27,2 (Жапония) ...
Read More »Жасөспірімдер жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды
Сауд Арабиясының Даммам қаласында жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алты медаль жеңіп алды. Команданың қоржынында бір алтын жүлде бар. Бұл жарыста Азия чемпионы атағына Полина Кузубова (жетісайыс) ие болды. Ал онсайыста Асқар Өмірзақ екінші орынға табан тіреді. Қола жүлдені Асылзат Қыдырбай (жетісайыс), Дмитрий Шкердин (сырықпен секіру), Эвелина Рябкова мен Кирилл Савченко (екеуі де 400 метрге кедергілер ...
Read More »Боксшылар халықаралық турнирде алты жүлдені жеңіп алды
Ресейдің Хабаровск қаласында бокстан халықаралық турнир аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан ерлер құрамасы алты жүлдені жеңіп алды. Атап айтқанда, 54 килоға дейінгі салмақта Сәкен Бибосынов пен 92 кг-ден аса салмақтағы Нұрлан Сапарбай турнирдің жеңімпазы атанды. Сағындық Тоғамбай (92 кг-ге дейін) күміс медальді иеленсе, Теміртас Жүсіпов (48 килоға дейін), Жандос Қыдыралиев (63,5 к-ге дейін) пен Мұхаммедсадыр Базарбайұлы (67 килоға дейін) қола жүлдені ...
Read More »Каратэден ел құрамасы төрт алтын медаль алды
БАӘ-нің Фуджейра қаласында жастар арасындағы А сериясының 2025 жылдағы алғашқы турнирі аяқталды, деп хабарлады Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметі. Бұл сында Қазақстан спортшылары 11 медальмен (4 алтын, 7 қола) жалпы есепте 4-сатыға жайғасты. Көш басында Ресей, одан кейін Иран мен Мысыр командасы. Алғашқы алтын жүлдені кумите бағдарламасында Дінмұхаммед Айдарбек (U16-17) 55 кг дейінгі салмақта топ жарып, қоржынға салды. Ол 2023 ...
Read More »Нысана көздеуден Азия кубогы: Қазақстан алты алтын медаль алды
Бангкокта (Таиланд) нысана көздеуден Азия кубогы болып жатыр. Бүгінгі күнге дейін Қазақстан құрамасы алты алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады olympic.kz. Турнирдің аяқталуына бірнеше күн қалғанда, біздің спортшылардың қоржынында 13 жүлде бар. Алтын медаль иегерлері: Елизавета Безрукова, Константин Малиновский (пневматикалық винтовка, аралас жұп); Ислам Сатпаев, Никита Шахторин, Константин Малиновский (пневматикалық винтовка, командалық жарыс); Юрий Юрков (пневматикалық винтовка, 50 метр, жатып ...
Read More »Шахматшылар Словениядан 10 жүлдемен келе жатыр
Словенияның Терме Чатеж қаласында өткен U14–U18 жастар арасындағы рапид және блиц бойынша әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Қазақстан шахмат федерациясы. Жарыстың соңғы күні Қазақстанның жас шахматшылары 10 медаль жеңіп алды. Елназ Қалиахмет пен Даниял Сәпенов алтын медальге ие болды. Осы жыл шахмат сүйер қауымды жағымды жаңалықтарымен қуантып келе жатыр. Бізде рекордтық медаль саны бар. Оның көпшілігін балалар жеңіп алды. Жастар ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары