• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Ақтөбе

    «Ақтөбе» ресейлік басшысының кесірінен Грузияға ұша алмады

    Қазақстан футбол кеңістігінде келеңсіз оқиға болды. Мұндай оқиға еліміз тәуелсіздік алған кезден бері әлі болып көрген жоқ. Кеше «Ақтөбе» футбол клубы Конференция лигасында Грузияның «Торпедо» командасымен ойнау үшін Кутаиси қаласына бір күн ерте барып, жаттығуы керек еді. Бірақ Ақтөбе қаласының бас командасы Кавказ еліне уақытында бара алмады. Осы мәселе әлеуметтік желіде кеңінен тарап, жанкүйерлердің наразылығын тудырды. Белгілі блогер әрі футбол ...

    Read More »

    Конференция лигасы: «Ақтөбенің» қарсыласы анықталды

    Бұған дейін Конференция лигасындағы жарысты екінші іректеу турнирінен бастайтын «Ақтөбенің» қарсыласы Босния және Герцоговинаның «Сараево» немесе Грузияның Кутаиси қаласының «Торпедо» командаларының бірі болуы мүмкін екені хабарланған болатын. Енді «Ақтөбенің» екінші іріктеу турниріндегі қарсыласы анықталды. «Ақтөбе» 27 шілдеде Кутаиси қаласының «Торпедо» клубымен кездеседі. Екінші ойын 3 тамызда болады. Грузияның командасы Босния клубын екінші мачта пенальтиден 4:2 есебімен ұтты. Бұл командалар бірінші ...

    Read More »

    Ақтөбеде теннисшілер абсолютті жеңімпаз атанды

    Ақтөбе қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында бесінші санаттағы ITF Juniors жарысында Виталий Зацепин мен Ділназ Машабаева абсолютті чемпион атанды. Қарағанды теннис мектебінің түлегі Зацепин жекелей сында финалда ресейлік Дмитрий Бурцевті 6:2, 6:1 есебімен ойсырата ұтты. Жұптық сында Виталий алматылық Кирилл Колгановпен бірге соңғы бәсекеде елордалықтар Давид Джавадов — Илья Ведмедьті 6:2, 6:2 есебімен ұтты. Бұл — Зацепиннің ITF Juniors турнирлеріндегі ...

    Read More »

    Ақтөбеде Х Бүкілқазақстандық жазғы Универсиада басталды

    Бүгін Ақтөбе қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде Жастар жылына арналған Х  Бүкілқазақстандық Универсиаданың ашылу салтанаты өтті. Биыл іргетасы қаланғанына 150 жыл толатын Ақтөбе мекеніне 60-қа жуық жоғары білім ордаларының спортшылары жиналды. Универсиаданы Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин  құттықтау сөзімен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Қазақстан Республикасы студенттер спорты федерациясының президенті Қайрат Закирьянов шараны тиісті деңгейде өткізгені үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтты. Осыдан ...

    Read More »

    Ақтөбеден шыққан Олимпиада чемпионын неге ұмытып жүрміз?

    Көзі қарақты жанкүйер, оның ішінде үлкендер болмаса, қазіргі жастар жағы аты аңызға айналған спортшы Валерий Люкиннің Ақтөбе қаласында туып-өскенін біле бермейді. Бүгін сол олқылықтың орынын толтыру мақсатында Ақтөбеден шығып, азулы АҚШ секілді алпауыт елді мойындатқан Валерий Викторұлы туралы жастар біліп жүрсін деген ниетпен оқырманға шағын ақпарат бере кеткенді жөн көріп отырмыз. Валерий  Люкин – спорттық гимнастикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы ...

    Read More »

    Ақтөбеде мұғалімдер арасында зияткерлік ойындар өтті

    Ақтөбе қаласында өткен мұғалімдер арасындағы шахмат пен дойбыдан Қазақстан Кубогы бәсекесі мәресіне жетті. Еліміздің 7 облысынан келген ұстаздар шахмат пен дойбыдан ерлер мен әйелдер арасында әр жас ерекшелігі бойынша сынға түсіп, Қазақстан Кубогы иегелері мен жүлдегерлерінің есімдері белгілі болды. Осы дүбірлі доданы ұйымдастыруға үлкен еңбек сіңірген №8 орта мектеп ұжымына (директоры Айсұлу Берікқызы Жақсыбаева) және аталған мектептің дене тәрбиесі пәні ...

    Read More »

    Ақтөбеде спортты дамытуға үлес қосқандар марапатталды

    Кеше Ақтөбе қаласындағы №4ОМБЖОРМ-нің іргетасы қаланғанына 50 жыл жəне Ақтөбеде еркін күрестің негізін қалаушы Алексей Семкиннің 80 жасқа толған мерейтойлары басталып, турнир мен төрешілер семинары өтіп жатқанның хабарлаған болатынбыз. Бүгін кешкісін мерейтой «Дəстүр үйі» мейрамханасында жалғасын тауып, ағайынды Семкиндер бастаған спорт ардагерлері жəне аталған мектепт пен облыс спортының дамуына үлес қосқан азаматтар марапатқа ие болды. Мейрамханаға жиналған қонақтарға мектеп өмірінен ...

    Read More »