• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: АҚШ

    Күрестен Әлем кубогына қатысатын балуандар анықталды

    10-11 желтоқсан күндері АҚШ-тың Айова штатындағы Коралвилл қаласында еркін және әйелдер күресінен Әлем кубогы жарысы өтеді. Биыл Xtream Arena-да ұйымдастырылатын белдесулерде ерлер мен әйелдер еркін күрестен алғаш рет бір спорт кешенінде жиналып, шын мықтыны анықтайды. Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мұхиттың арғы бетіндегі додада Қазақстан құрамасынан екі өкіл бақ сынайтынын мәлімдеді. Олар — қыздар арасындағы 72 келіге дейінгі салмақтағы әлем ...

    Read More »

    ӘЧ-2022: Иран жанкүйерлері АҚШ-тан жеңілген соң бір-бірімен төбелесті

    Футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Иран құрамасының жанкүйерлері бір-бірімен төбелесіп қалды. Олар бүгін түнде АҚШ командасынан жеңілген соң, бір-біріне жұдырық ала жүгірген. БАҚ-та, әлеуметтік желіде төбелестің неден шыққаны туралы көп нәрсе айтылып жатқан жоқ. Telegram-дағы «Первый спорт» арнасының хабарлауынша, парсылар бір-бірін жеңіліске кінәлап, төбелескен жоқ. Олар ойыннан кейін өкіметті жақтаушылар мен Ирандағы билігіне қарсылар болып бөлініп, төбелескен. Иран билігін ...

    Read More »

    Боксшы Айдос Ербосынұлы мәлімдеме жасады

    Екінші орта салмақтағы боксшы Айдос Ербосынұлы комадан шыққаннан кейін әлеуметтік желіде жазба жариялады. Боксшы келген хабарламалардың скриншоттарын жариялап, алаңдап, қолдау білдіріп отырған отандастарына алғысын білдірді. Осыған ұқсас смс-тер көп келген екен. Барша қолдап жатқан халқыма рақмет! Алла қаласа елге мықты болып ораламын. Алла жазса алар асуымыз әлі алда, — деп жазды Ербосынұлы. 6 қарашада қазақстандық боксшы кубалық Давид Моррелден нокаутпен ...

    Read More »

    Айдос Ербосынұлының денсаулығына қатысты мәлімдеме шықты

    Боксшы Айдос Ербосынұлының жағдайы едәуір жақсарып қалды. Қазір ол тіпті өз бетінше жүре алады екен. Бұл туралы Айдостың жекпе-жектерін ұйымдастыратын «Suleimen Promotions» компаниясы хабарлады. «Қазір боксшымыз айтарлықтай жақсарып қалды. Ол өз аяғымен жүре алады. Психикасы да жақсы. Дәрігерлермен сөйлесіп, олардың сұрағына жауап береді. Мамандардың айтуынша, Айдос жылдам сауғып келеді. Тіпті жақын арада оны ауруханадан шығарып, елге әкелуге мүмкіндік туатын сияқты. ...

    Read More »

    АҚШ-та Жәнібек Әлімханұлы туралы фильм түсіріліп жатыр

     АҚШ-та орта салмақтағы WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен оның командасы туралы америкалық көрерменге арналған деректі фильм түсіріліп жатыр. Америкалық жанкүйерге қызықты болсын деп ESPN компаниясы деректі фильм түсіріп жатыр. Оны компания біз қызықты болғаннан кейін түмсіріп жатыр деп ойлаймын. Біз бұған өте қуаныштымыз. Бұл біздің QAZAQ STYLE дүние жүзіне танылып жатыр деген сөз. Бокс тарихында із қалдыру үшін осы бағыттан ...

    Read More »

    Айдос Ербосынұлының жағдайы алаңдатып отыр

    Кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы әлі комадан шыққан жоқ. Ол әлі есіне келмей жатыр. Осыған байланысты былғары қолғап иесінің АҚШ-та жекпе-жегін ұйымдастырған «Suleimen Promotions» компаниясы мәлімдеме жасады. Компания кәсіпқой боксшының жағдайы туралы әлеуметтік желіде хабарлап, Айдос Ербосынұлының денсаулығы үшін қолда бар жағдайдың бәрін жасайтынын атап өтті. «Suleimen Promotions» компаниясының барлық ұжымы Айдос Ербосынұлының жағдайына алаңдаулы. Оның денсаулығына күнделікті бақылау жасауда. Біздің ...

    Read More »

    Боксшы Айдос Ербосынұлы комада жатыр

    TGB Promotions промоутерлік компаниясы мен Premier Boxing Champions телефраншизасы боксшы Айдос Ербосынұлының жағдайы туралы түсінік берді. Sports.kz сайтының хабаралуынша, Айдос Ербосынұлы екінші орта салмақтағы WBA Regular әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекте кубалық Давид Моррельден нокаутпен жеңілгеннен кейін жасанды комаға түскен. TGB Promotions және PBC өкілдері Айдостың командасымен бірге Миннеаполисте. Біз жағдайды жіті бақылап отырмыз. Боксшының жеке өміріне және отбасына құрметпен қараймыз. Сондықтан қосымша ...

    Read More »

    Бокс: Абылайхан Жүсіпов АҚШ-та шаршы алаңға шығады

    Қараша айында боксшы Абылайхан Жүсіпов АҚШ-та жекпе-жек өткізеді. Ол 5 қараша күні Миннеаполис қаласында Айдос Ербосынұлы мен Дэвид Морелл жекпе-жегінің андеркардында WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін шаршы алаңға шығады. Бұл — оның кәсіпқой бокстағы екінші айқасы. Қазір Абылайхан Жүсіпов пен Айдос Ербосынұлы АҚШ-қа келіп, жекпе-жекке дайындалып жатыр. Айта кетсек, Абылайхан Жүсіпов — әуесқой бокста Қазақстанның ұлттық құрама командасының ...

    Read More »

    Лас-Вегаста Головкин мен Альварес жанкүйерлермен жүздесті

    Армысыздар, спорт жанкүйерлері! Боксты жақсы көретін қыз-жігіттеріміз, Головкин мен Альварестің жекпе-жегі қашан өтеді, қашан бітеді деп тағатсыздана күтіп жүргендеріңізді білемін. Әрине, жүректеріңіз лүпілдеп, біздің жігіт не болар екен деп, жандарыңызды шүберекке түйіп жүргендеріңізді сонау мұхиттың аржағында жүрген мен жақсы сезіп тұрмын. Бұл елге, жерге, туған жердің азаматына деген құрметтеріңіздің белгісі. Сәл шыдасақ, қос мықтының арасындағы алапат айқасты да көріп қаламыз. ...

    Read More »