• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: бокс

    Әкем алты ай бойы бокспен айналысуға үгіттеді — Карина Ибрагимова (ВИДЕО)

    Бокстан әйелдер құрамасы сапында Карина Ибрагимова әзірше биылғы Олимпиялық ойындарына жалғыз жолдаманы иеленіп отыр. Ол Париж Олимпиадасының жолдамасын былтыр Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында жеңіп алды. 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз жарыстың финалында тайбэйлік Ютин Линмен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен қарсыласына жол берді. Сөйтіп, Карина Ибрагимова Азиада қорытындысы бойынша күміс жүлдені алып, Олимпиада лицензиясына ие болды. Енді 23 ...

    Read More »

    Бокстан жастар және жасөспірімдер құрамаларына жаңа жаттықтырушылар келді (ВИДЕО)

    Бокстан Қазақстан жастар құрама командасының жаттықтырушылар құрамында өзгеріс болды.   Бокс федерациясының хабарлауынша, Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне Қайрат Сәтжанов тағайындалды. Ол Әділ Басығараевты алмастырды. Қайрат Сәтжанов еңбек жолында жасөспірімдер командасынан басқа, ересектер арасындағы ұлттық құрама команданы да жаттықтарған. Сәтжановтың жетекшілігімен боксшылар Сербияда өткен әлем чемпионатында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алған болатын. Қайрат Тұрсынқанұлы — Қазақстанның ...

    Read More »

    Боксшы Владислава Кухта Мажарстанның азаматтығын алды

    Бокстан Қазақстанның екі дүркін чемпионы Владислава Кухта Мажарстанның азаматтығын алды. Ол ресми түрде Қазақстан азаматтығынан бас тартты. Енді спортшы ресми түрде Мажарстанның атынан халықаралық турнирлер мен жарыстарға қатыса алады. Маған сеніп, арманыма жетуге мүмкіндік беріп жатқан Мажарстанның Үкіметі мен менің Halker-Kiraly Team клубыма алғыс айтамын. Әрбір спортшының арманы, мақсаты бар. Мен Олимпиадаға қатысуды армандап жүрмін. Бұл менің бұрыннан бергі арманым. ...

    Read More »

    Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасына жаңа бас жаттықтырушы келді

    Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы болып Елдос Сайдалин тағайындалды, деп хабарлады Olympic.kz. Елдос Сайдалин бұл қызметте Шәміл Сафиуллинді алмастырды. Сафиуллин 2021 жылдан бүгінге дейін бас құраманы жаттықтырып келді. Ол еңбек жолын 16 жыл бұрын Қарағандыдағы спорт мектебінде жаттықтырушылықтан бастаған. 2020 жылдан бері Қазақстан жасөспірім қыздар және жастар құрамасын жаттықтырып келді. Оның жетекшілігімен Қазақстан командасы 2021 жылғы әлем чемпионатында 2 күміс, ...

    Read More »

    Олимпиада-2024: Бокс федерациясы сыйақыны тағайындады

    Қазақстан бокс федерациясы Париж Олимпиадасына жолдама алған боксшылар мен олардың жаттықтырушыларына арнап, ауызашар ұйымдастырды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Осы жиында федерация президенті Шахмұрат Мүтәліп Олимпиадада чемпион атанған боксшы мен жүлдегерге және олардың жаттықтырушыларына берілетін сыйақынының көлемін жариялады. Ол Қазақстан бокс федерациясы тарапынан Олимпиада чемпионына 220 000 АҚШ доллары, күміс жүлдегерге 120 000 доллар, қола медалиске70 000 доллар, төртінші орын алған ...

    Read More »

    Олимпиада-2024: Ангелина Лукас ұлттық құрамаға іріктеуден өтеді (ВИДЕО)

    Қазақстан әйелдер құрамасының жаттықтырушылар құрамы 8-10 cәуір аралығында Астанада өтетін спаррингтік кездесулерге шақыртылған боксшылардың құрамын бекітті, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Спаррингтік жекпе-жектердің қорытындысы бойынша жаттықтырушылар құрамы Таиландтың астанасы – Бангкок қаласында өтетін әлемдік іріктеу турниріне қатысатын боксшыларды анықтайды. Спаррингтік кездесулерге 4 салмақ дәрежесінде 16 боксшы шақыртылды. Олардың арасында 54 келідегі Ангелина Лукас та бар. Ал 60 келіде спарринг ұйымдастырылмайтын ...

    Read More »

    «Ұлы жібек жолы» турнирі: Қазақстан үш алтын медаль алды

    Бокстан Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан «Ұлы жібек жолы» турнирінде Қазақстан құрамасы үш алтын медальді жеңіп алды. 60 келі салмақ дәрежесінде Талғат Сырымбетов финалда шаршы алаң иесі Азрак Бабировты жеңді. Қазақ боксшысы қарсыласынан үш раундта айқын басымдылық танытты. Ол бірінші раундта-ақ қарсыласына еш мүмкіндік бермей, ұпай санын жинап отырды. Ал үшінші раундта әзербайжан боксшы «бесінші» бұрышты іздеп, жұдырықтасудан қалды. Жекпе-жектің соңында төрешілердің ...

    Read More »

    Олимпиаданың іріктеу турниріне қатысатын боксшы анықталады

    Қазақстан бокс федерациясы биыл Францияның Париж қаласында өтетін жазғы Олимпиадының іріктеу ойындарына 63,5 кг салмақ дәрежесінде қатысатын боксшыны анықтау үшін бірнеше үміткер арасында спарринг өткізетін болып шешті. Бұл жекпе-жектер Астана қаласында болады. Оған Мұхамедсабыр Базарбайұлы, Ертуған Зейнуллинов, Серік Теміржанов, Дулат Бекбауов, Жандос Қыдыралиев пен Төрехан Сабырхан қатысады. Олимпиадаға іріктеу турнирі 8-10 сәуір аралығында Таиландтың астанасы — Банкок қаласында болады. Салмақ ...

    Read More »

    «Ұлы Жібек жолы»: Қазақстан боксшылары жартылай финалға шықты (ВИДЕО)

    Бокстан Әзербайжанның астанасы — Бакуде болып жатқан «Ұлы Жібек жолыһ» халықаралық турнирінде еліміздің бес былғап шебері жартылай финалға шықты. Баку шаршы алаңында Теміртас Жүсіпов (48 кг), Талғат Сырымбетов (60 кг), Дархан Дүйсебай (71 кг), Бекзат Таңатар (86 кг) мен Сағындық Тоғамбай (92 кг) ½ финалда рингке көтеріледі. Бүгін кейбір салмақ дәрежелерінде жартылай финал айқастары басталады. Шаршы алаңға Қазақстанның үш боксшысы ...

    Read More »

    Қазақстан боксшылары Литвада 6 алтын медаль алды

    Бокстан Литваның Каунас қаласында Альгирдас Шоцикас атында өткен халықаралық турнирде Қазақстан боксшылары 6 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Сонымен бірге ұлттық құрама 3 күміс және 2 қола медаль иеленді. Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, 57 келіге дейінгі салмақта Асылжан Серікбай украиналық Денис Роздольскиді екі рет нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңді. Жандос Қыдырәлиев (63, 5 кг) ирландиялық Паул Хэйл ...

    Read More »