• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: бокс

    Қазір бокста әрбір жекпе-жек финалдан кем емес – Мырзағали Айтжанов

    Бокстан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов Таиландтың Бангкок қаласында өткен соңғы іріктеу турнирінен кейін ерлердің ұлттық құрама командасының Олимпиадаға дайындығы туралы айтып берді, деп хабарлады olympic.kz. Ол Олимпиадаға ұлттық құраманы толық құрамды апаруды жоспарлағанын айтып, боксшылардың тқрт жылда бір айналып келетін дүрмекті додаға дайындығы тиісті деңгейде болып жатқанын атап өтті. Биылғы алға қойған жоспарымыздың бірі – Олимпиадаға толық құрамда ...

    Read More »

    Боксшылар Олимпиадаға толық құраммен барады (ВИДЕО)

    Бокстан Таиландтың  Бангкок қаласында өткен Олимпиадаға іріктеу турнирінде еліміздің үш былғары қолғап шебері төрт жылда бір рет келетін дүрмекті додаға жолдама алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ерлер арасында 63,5 келі салмақта сынға түскен Мұхамедсабыр Базарбайұлы молдовалық Александр Парасчивті 5:0 есебімен жеңіп,  Олимпиада квотасын иеленді. Осылайша, Мырзағали Айтжанов шәкірттері Олимпиадаға толық құрамда баратын болды. Қазақстан әйелдер ...

    Read More »

    Боксшы Асланбек Шымбергенов тоғыз жылдан күткен  Олимпиадаға барады

    2013 жылы бокстан Атырауда өткен Қазақстан чемпионатында Асланбек Шымбергенов 64 келіде бақ сынап, екінші орын алды. Содан кейін ол ұлттық құрамаға алынып, шетелдегі сайыстарда ел мерейін асқақтатты. 2014 жылы Таразда ел чемпионы атанды. 2016 жылы Рио Олимпиадасына қарағандылық Абылайхан Жүсіпов қатысты. Олимпиадаға бармаса да А.Шымбергенов бокстан кетпеді. Қайта ол Олимпиадаға қалайда қатысамын деп өзіне жоспар қояды. 2017 жылы Талдықорғанда өткен ...

    Read More »

    Боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы ширек финалға шықты

    Бокстан Таиландтың астанасы – Бангкок қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға соңғы іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасының өкілі Мұхамедсабыр Базарбайұлы 63,5 кг салмаққа дейінгі дәрежеде үшінші рет шаршы алаңға шығып, қарсыласын жеңді. Ол италиялық Джанлуиджи Малангадан айласын асырып, ширек финалға шықты. Бұл жекпе-жек аса тартысты және қызықты болды. Қазақ боксшысы төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, ол Олимпиада квотасына бір қадам жақындады. Айта кететін ...

    Read More »

    Боксшы Римма Волосенко Олимпиадаға жолдамасыз қалды

    Бокстан Таиландтың астанасы – Бангкок қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан әйелдер командасының тағы бір өкілі жеңіліп қалды. 60 келі салмақта сынға түскен Римма Волосенко келесі айналымға шыға алмады. Ол үндістандық Анкушита Бородан ұпай санымен жеңілді. Жекпе-жекте төрешілер жеңісті Үндістанның боксшысына  берді. Бұған дейін Ұлжан Сәрсенбек (54 кг) пен Наталья Богданова (66 кг) жарысты аяқтаған еді.   Дастан КЕНЖАЛИН, ...

    Read More »

    «Канело» Альварес абсолютті чемпионы атағына қатысты бір шешімге келді

    Супер жартылай салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль «Канело» Альварес (61-2-2, 39 КО) Халықаралық бокс федерациясының (IBF) қаулысына қатысты бір шешімге келді, деп хабарлады vesti.kz. Бұған дейін Халықаралық бокс федерациясы  мексикалық боксшыны кубалық Уильям Скуллмен (22-0, 9 КО) қолғап түйістіріп, абсолютті чемпион атағын қорғауға міндеттеген еді. Сөйтіп, IBF боксшыларға келісімге келуге 28 күн берген болатын. Алайда, соңғы сәтте тараптар келісімге келе ...

    Read More »

    Боксшы Наталья Богданова Олимпиадаға іріктеу турнирінде есе жіберді

    Бокстан Қазақстан әйелдер командасының өкілі Наталья Богданова  Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде қарсыласынан жеңіліп, жарысты бірінші айналымда аяқтады. Ол жарыстың алғашқы айналымда сербиялық Кристина Кулуховадан жеңілді. Жекпе-жектің соңында төрешілер сербиялық спортшының қолын көтеріп, жеңісті берді. Богданова Олимпиада квотасын ала алмады. Бұған дейін Ұлжан Сәрсенбек те жарысты 1/16 финалда аяқтаған болатын.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Олимпиадаға іріктеуде бір боксшы жарыстан шығып қалды

    Бокстан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасының бір өкілі жарысты аяқтады. Әйелдер арасында 54 келі салмақта бақ сынаған Ұлжан Сәрсенбек бірінші жекпе-жекте жеңіліп қалды. Ол америкалық қарсыласы Шер Мэй Патрисиоға есе жіберді. Осылайша, Ұлжан Сәрсенбек АҚШ чемпионынан жеңіліп, турнирдің 1/8 айналымына шыға алмады. Ұлжан Сәрсенбек Астанада өткен спаррингтік турнирде топ жарып, лицензиялық жарысқа қатысу құқығын иеленген ...

    Read More »

    Боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы келесі айналымға шықты (ВИДЕО)

    Бокстан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Мұхамедсабыр Базарбайұлы екінші жекпе-жегінде де жеңіске жетіп, келесі айналымға шықты. Бүгін 63,5 келі салмақта сынға түсіп жатқан боксшы түркиялық Мизан Айкөлді жеңді. Бұған дейін Базарбайұлы филиппиндік қарсыласы Кристиан Питт Лауреттені жеңген болатын. Бокстан Қазақстан командасы жеті салмақтың алтауында жолдама алып үлгерді. Енді ерлер арасында бір жолдаманың мәселесі Таиландтағы соңғы іріктеу турнирінде ...

    Read More »

    Боксшы Валентина Хальзова алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті (ВИДЕО)

    Бокстан Таиландта өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Валентина Хальзова алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ол 75 келі салмақта украиналық Каролина Махноны 5:0 есебімен жеңді. Осылайша, ол Римма Волосенконың ізін ала турнирдің екінші айналымына шықты. Таиландтағы іріктеу турнир 3 маусымда аяқталады. Валентина Хальзованың келесі қарсыласы  — моңғолиялық боксшы Эденетуя Энхбаатар. Жекпе-жек 1-маусымға жоспарланған. Ал 28 мамырда шамамен сағат 11:45-те 63,5 келідегі Мұхаммедсабыр ...

    Read More »