• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: бокс

    «Дұға етуді сұраймыз»: WBA Айдос Ербосынұлына қатысты ресми мәлімдеме жасады

    Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлына қатысты ресми мәлімдеме жасады. 6 қарашада Ербосынұлы кубалық Дэвид Моррельге қарсы жекпе-жекте нокаутпен жеңілді. Оны зембілмен алып кетті. Ал ауруханада боксшы комаға түсті. Ол супер орта салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасқан болатын. «Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) өткен сенбі күні Дэвид Моррельге қарсы жекпе-жектен кейін Миннесота ауруханасына жеткізілген Айдос ...

    Read More »

    АҚШ-та Жәнібек Әлімханұлы туралы фильм түсіріліп жатыр

     АҚШ-та орта салмақтағы WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен оның командасы туралы америкалық көрерменге арналған деректі фильм түсіріліп жатыр. Америкалық жанкүйерге қызықты болсын деп ESPN компаниясы деректі фильм түсіріп жатыр. Оны компания біз қызықты болғаннан кейін түмсіріп жатыр деп ойлаймын. Біз бұған өте қуаныштымыз. Бұл біздің QAZAQ STYLE дүние жүзіне танылып жатыр деген сөз. Бокс тарихында із қалдыру үшін осы бағыттан ...

    Read More »

    Азия чемпионаты: жартылай финалдағы қарсыластар анықталды

    Бокстан Азия чемпионатының жартылай финалы 9-10 қарашаға жоспарланған. Финал 11-12 қараша күндері болады. Назарларыңызға ұлттық құрама команда боксшыларының кімдермен шаршы алаңға шығатынын ұсынамыз. Жартылай финал. 9 қараша: 48 кг. Алуа Балқыбекова – Фарзона Фозилова (Өзбекстан) 50 кг. Назым Қызайбай – Цукими Намика (Жапония) 52 кг. Жазира Орақбаева – Ринка Киношита (Жапония) 54 кг. Жайна Шекербекова – Хуан Сяовэнь (Тайвань) 57 ...

    Read More »

    Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасында 21 медаль бар

    Бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасы Иорданияның астанасы Амман қаласында өтіп жатқан XXXII Азия чемпионатынан кем дегенде 21 жүлдемен оралады. Кеше, Азия чемпионатының сегізінші күні рингке шыққан барлық боксшымыз жартылай финалға жолдама алды. Әуелі ұлттық құраманың капитаны Асланбек Шымбергенов үндістандық Сачинді еш қиындықсыз тізе бүктірді. Оның ізін ала Нұрқанат Райыс қырғызстандық Сагын Сатыбалдыулумен кездесіп, екінші раундта жеңіске жетті. Ағайынды Айбек пен ...

    Read More »

    Айдос Ербосынұлының жағдайы алаңдатып отыр

    Кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы әлі комадан шыққан жоқ. Ол әлі есіне келмей жатыр. Осыған байланысты былғары қолғап иесінің АҚШ-та жекпе-жегін ұйымдастырған «Suleimen Promotions» компаниясы мәлімдеме жасады. Компания кәсіпқой боксшының жағдайы туралы әлеуметтік желіде хабарлап, Айдос Ербосынұлының денсаулығы үшін қолда бар жағдайдың бәрін жасайтынын атап өтті. «Suleimen Promotions» компаниясының барлық ұжымы Айдос Ербосынұлының жағдайына алаңдаулы. Оның денсаулығына күнделікті бақылау жасауда. Біздің ...

    Read More »

    Қазақстан боксшылары Германиядан олжалы оралды

    Германияның Кельн қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында халықаралық турнир аяқталды. Әлем кубогы деген атау алып, биыл төртінші мәрте ұйымдастырылған бәсекеде Қазақстан құрамасы сапындағы Талғат Сырымбетов (60 кг) пен Наталья Богданова (66 кг) чемпион атанды. Ал Армат Арманұлы (71 кг), Сания Сұлтанқызы (57 кг), Назым Ишанова финалда қарсыластарынан жеңіліп, күміс жүллені қанағат тұтты. Ал Кенже Мұратұлы (51 кг), Диас Молжігітов ...

    Read More »

    Әлем кубогы: жеті боксшы жеңіп, жетеуі жеңілді

    Германияның Кельн қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан Әлем кубогы үшін халықаралық турнирдің екінші күні Қазақстан құрама командасының жеті боксшысы келесі айналымға шығып, жетеуі қарсыластарына есе жіберді. Ерлер арасында жартылай финалға Кенже Мұратұлы (51 кг), Абзал Құттыбеков (92 кг), Нұржан Амангелді (71 кг) мен Нұрлан Сапарбай (+92 кг) шықты. Ал Қайрат Ернұр (51 кг), Сұлтан Мусинов (63,5 кг), Армат Арманұлы ...

    Read More »

    Азия чемпионаты: екі боксшымыз жеңіп, біреуі жеңілді

    Бокстан ересектер арасында Иорданияның астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші күні шаршы алаңға үш боксшымыз көтеріліп, екеуі келесі кезеңге жолдама алса, біреуі жеңілді. Қазақстан ұлттық құрамасынан жарысты алғашқы болып 57 келі салмақта  Серік Теміржанов бастады. Ол Түркіменстан елінің өкілі Ихлас Гылычжановтан айласын асырып, келесі айналымға шықты.  Енді ол ширек финалда былтырғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері иорданиялық Юсеф Иашашпен ...

    Read More »

    Бокс: Азия чемпионатын Серік Теміржанов бастап береді

    Бүгін Иорданияның астанасы Амман қаласында бокстан Азия чемпионатының екінші жарыс күні басталады. Қазақстан құрамасынан шаршы алаңға үш боксшысы шығады. Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының былғары қолғап иелері ринге көтерілген жоқ. Бүгін Астана уақытымен сағат 17.00-де 57 кг дейінгі салмақта Серік Теміржанов пен Ихлас Гылычжанов (Түркменістан) қолғап түйістіреді. Жеңгені ширек финалда жұдырықтасады. Одан кейін 63,5 кг салмақта Санатәлі Төлтаев  Өзбекстанның боксшысы ...

    Read More »

    Бокс: Азия чемпионатының жеребесі тартылды

    Иорданияның астанасы Амман қаласында бокстан XXXII Азия чемпионатының жеребесі тартылды. Бүгіннен бастап 13 қарашаға дейін Иорданияның төрінде 25 салмақтың биылғы үздігі анықталады. Бұл жолы сары құрылықтағы 27 елден 181 ер адам пен 86 əйел боксшы сынға түседі. Қайрат Сəтжановтың 7 шəкірті жарысты өз салмағындағы №1 боксшы ретінде бастайды. Ал əйелдер арасында чемпионат басталмай жатып-ақ ел қоржынына 3 жүлде түсті. Мәдина ...

    Read More »