• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: грек-рим күресі

    Сайыпқыран. Тараздық жас балуан – Қазақстан чемпионы

    Бүгін “Сайыпқыран” айдарын одан әрі жалғастырамыз. Оқырман назарына Тараз қаласының тумасы, жас спортшы Бақдәулет Ерболұлы Тұрсынбек туралы материалды ұсынуды жөн көріп отырмыз. Бақдәулет Тұрсынбек  — грек-рим күресінен жастар арасында үлкен жетістікке жетіп жүрген балуан.  Ол 2026 жылдың 24 ақпанында Астана қаласында өткен U-20 Қазақстан чемпионатында 77 келі салмақта алтын медаль жеңіп алып, ел чемпионы атанды. Балуан 2006 жылы 23 сәуірде дүниеге келген. ...

    Read More »

    Таразда күрестен Қазақстан чемпионаты басталды

    Тараз қаласының «Тараз-Арена» спорт кешенінде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U15 және U23 жас санаттары арасындағы Қазақстан чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі. Биылғы Қазақстан чемпионатына еліміздің түкпір-түкпірінен келген мыңнан астам жас балуан қатысуда. Бұл дода жасөспірімдер мен жастар үшін үлкен спортқа бастар маңызды белес саналады. Себебі, дәл осы жарыста топ жарған балуандар алдағы уақытта Азия ...

    Read More »

    Сайыпқыран. Жас палуанның жарқын жетістіктері

    Жамбыл облысы, Тараз қаласының тумасы Нұрасыл Асылханұлы Аманалы – бүгінде грек-рим күресінен ел назарын өзіне аударып жүрген жас спортшылардың бірі. Нұрасыл 2005 жылғы 9 қаңтарда туған. Бала кезінен спортқа бейім болып өскен ол грек-рим күресін өмірлік жолы ретінде таңдады. Қазіргі таңда М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алып, оқу мен спортты қатар алып ...

    Read More »

    Юсуф Мациев — 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатының күміс медалисі!

    Күрес түрлерінен Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында ел қоржынына екінші жүлде түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Грек-рим күресінен 97 келідегі Юсуф Мациев финалдық бәсекеде Украина спортшысы Егор Якушенкодан 1:6 есебімен есе жіберді. Отандасымыз әлем чемпионатында Кио Китавакиді (Жапония) 2:1, Аршак Гегамианды (Армения) 4:0, Максим Аверинді (бейтарап спортшы) 9:1 есебімен ...

    Read More »

    Мерей Мәулетқанов — 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері!

    Күрес түрлерінен Сербияның НовиСад қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі әлемчемпионатында ел қоржынынаалғашқы жүлде түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Грек-рим күресінен 72 келіде сынға түскен отандасымыз қола жүлде үшін таласта бейтарап спортшы Данил Григоревті мерзімінен бұрын жеңді. Жарыста Мерей Болгария балуаны Сергей Стоевты 8:0, Түркия спортшысын 9:0 есебімен бет қаратпай жеңсе, жартылай финалдық тартысты белдесуде Өзбекстан өкілі Аброр Атабаевқа 1:3 есебімен жол берген еді. Айта кетейік, 22 жастағы Мәулетқанов өткен айда ғана  ересектер арасындағы дүниежүзілік бәсекеде әлем чемпионы ...

    Read More »

    Сайыпқыран.Талас Әшірханов — болашақ Олимпиада үміті

    Талас Әшірханов — Сарысу ауданы, Жаңатас қаласының тумасы. 2001 жылы дүниеге келген жас спортшы грек-рим күресімен 10 жасынан бері айналысып келеді. 2025 жылы 77 кг салмақ дәрежесінде ересектер арасында Қазақстан кубогының иегері атанып, ел спортының үмітін ақтаған балуан. Осы жылы Германияның Дортмунд қаласында өткен халықаралық іріктеу турнирінде жартылай финалға дейін жетіп, неміс балуаны Роберт Фрицке ұпай санымен есе жіберіп, бесінші ...

    Read More »

    Сайыпқыран. Қошқар Дін-Мұхамед – тәжірибе мен табандылықтың үлгісі

    13–21 қыркүйек аралығында Хорватияның Загреб қаласында грек-рим күресінен ересектер арасында өткен әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғаған жамбылдық балуан Қошқар Дін-Мұхамед 67 келі салмақ дәрежесінде күресті. Ол алғашқы айналымдарда сенімді күресіп, қарсыластарына лайықты қарсылық көрсетті. Армения өкілі, тәжірибелі балуан Славик Галстянға ұпай санымен есе жібергенімен, бұл дода Дін-Мұхамед үшін үлкен тәжірибе мектебі болды. Айта кетерлігі, бұл оның ересектер арасындағы екінші әлем ...

    Read More »

    XXI ғасырдағы алғашқы алтын медаль!

    Тарихи медаль! Қазақстан XXI ғасырда араға 26 жыл салып, грек-рим күресінен әлем чемпионатының алғашқы алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Хорватияның астанасы Загреб қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті. Отандасымыз Айдос Сұлтанғали 60 кг дейінгі салмақтың финалында Әлішер Ганиевті (Өзбекстан) жеңді. Айдос Сұлтанғали елімізге 26 ...

    Read More »

    Күрестен ӘЧ: Қазақстан төртінші жүлдесін жеңіп алды

    Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатындағы белдесулерін аяқтады. Дүбірлі доданың соңғы күні екі отандасымыз бозкілемге шықты. Бірінші болып 87 келіге едйінгі салмақта Темірлан Тұрдақын күресті. Ол қола медаль үшін белдесуде Әзербайжан спортшысы Орхан Гаджиевті жеңді. Одан кейін 63 келіге дейінгі салмақта Дамир Ибраишов та үшінші орын үшін күш сынасты. Алайда ол Ресей балуаны Игорь Пунченкодан ...

    Read More »

    Күрестен ӘЧ: Арсен Жұма — қола жүлдегер!

    Арсен Жұма грек-рим күресінен Болгарияның Самоковта қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде құрмет тұғырының үшінші сатысынан көрінді. Балуан үшінші орын үшін күресте Қырғызстан спортшысы Омур Ынтымак уулун тізе бүктірді. Бұған дейін Диас Сейітқалиев (82 келіге дейін) күміс жүлдені иеленген болатын.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »