Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресінен 67 келі салмақта қола жүлдегер атанған Бағдат Сабазға медаль алу оңай болған жоқ. Бұл туралы ол жарыстан кейін айтты. «Қола жүлде үшін белдесудегі күресіме көңілім толды. Қарсыласым осал болған жоқ. Олимпиада жүлдегері. Белдесу өте тартысты, қиын болды. Әлем чемпионаты өз елімізде өтіп жатқандықтан барымды салдым. Төрт ұпай айырмасымен жеңіліп жатқанда да ...
Read More »Tag Archives: грек-рим күресі
Грек-рим күресінен қоржынға үш жүлде түсті
Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында грек-рим күресінен белдесулер аяқталды. Қазақстан құрамасы үш қола медаль жеңіп алды. 24 қазанда басталған әлем чемпионатында еліміздің атынан он салмақ дәрежесінде он балуан сынға түсті. Алғашқы екі медальді Исхар Курбаев пен Айдос Сұлтанғали иеленсе, Бағдат Сабаз үшінші қола жүлдені ел қоржынына салды. Қазақстан күрес федерациясының хабарлауынша, 55 келіде белдескен Исхар Курбаев жарысты ...
Read More »Астанаға алыс елдерден апайтөс балуандар жиналды
24 қазан мен 1 қараша аралығында Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Жылдың басты додаларының біріне 135 елден 900-ден астам спортшы қатысады, деп хабарлады Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі. Тоғыз күнге созылатын жарыста күрестің үш түрі бойынша 30 салмақ дәрежесінің чемпиондары анықталады. Астана бозкілемінде Олимпиада және әлем чемпиондары, халықаралық рейтингтегі көшбасшылар ...
Read More »Айбек Айтбеков: Америкаға әлем чемпионы атану үшін ғана бардым
Бүгін таңға салым Атлант мұхитының ар жағынан қазақ даласына қуанышты хабар келіп жетті. Күрес түрлерінен АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында жалауы желбіреген 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды. Оның біреуін 72 келі салмақтағы Юсуф Ашрапов, екіншісін 60 кг-де күрескен Айбек Айтбеков иеленді. Юсуф Жамбыл облысының, ал Айбек Абай облысы Аягөз ауданының тумасы. Қазір Айбек ...
Read More »Қазақ балуандары АҚШ-та әлем чемпионы атанды
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында еліміз үшін тарихи оқиға болды. Бұл дүрмекті додада Айбек Айтбеков пен Юсуф Ашрапов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды. Сөйтіп, Қазақстан балуандары U23 әлем чемпионаты тарихында алғаш рет бір жарыста екі алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, Темірлан Тұрдақын финалға шығып, Джохар Узаров қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. ...
Read More »ТОП-5: Қазақстан күрестен үздік бес елдің қатарында
Әзербайжанның астанасы Баку қаласында 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы күрестен әлемнің үздік елдерінің қатарына қосылды. Қазақстан күрес федерациясының хабарлауынша, ұлттық құраманың балуандары грек-рим, еркін және әйелдер күресінің нәтижесі бойынша 225 ұпай жинады. Қолда бар мәліметке қарағанда, Ресей спортшылары жалпы есепте 305 ұпаймен бірінші орын алса, АҚШ 294 ұпаймен екінші, Үндістан 250 ұпаймен үшінші, Иран 231 ұпаймен төртінші орынды иеленді. ...
Read More »Жас балуандар әлем чемпионы атанды
Әзербайжанның астанасы Баку қаласында күрестен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының балуандары Дияр Аманәлі мен Бақдәулет Ағабек алтын жүлдені жеңіп алды. Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, еркін күрестен 48 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде Бақдәулет Ағабек финалда Үндістанның өкілі Аарьян Аарьянды 10:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Ол қарсыласын техникалық басымдықпен жеңді. Оған дейін Бақдәулет Ағабек бес белдесудің барлығында жеңіске жетті. ...
Read More »Сайыпқыран. Тараздық жас балуан – Қазақстан чемпионы
Бүгін “Сайыпқыран” айдарын одан әрі жалғастырамыз. Оқырман назарына Тараз қаласының тумасы, жас спортшы Бақдәулет Ерболұлы Тұрсынбек туралы материалды ұсынуды жөн көріп отырмыз. Бақдәулет Тұрсынбек — грек-рим күресінен жастар арасында үлкен жетістікке жетіп жүрген балуан. Ол 2026 жылдың 24 ақпанында Астана қаласында өткен U-20 Қазақстан чемпионатында 77 келі салмақта алтын медаль жеңіп алып, ел чемпионы атанды. Балуан 2006 жылы 23 сәуірде дүниеге келген. ...
Read More »Таразда күрестен Қазақстан чемпионаты басталды
Тараз қаласының «Тараз-Арена» спорт кешенінде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U15 және U23 жас санаттары арасындағы Қазақстан чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі. Биылғы Қазақстан чемпионатына еліміздің түкпір-түкпірінен келген мыңнан астам жас балуан қатысуда. Бұл дода жасөспірімдер мен жастар үшін үлкен спортқа бастар маңызды белес саналады. Себебі, дәл осы жарыста топ жарған балуандар алдағы уақытта Азия ...
Read More »Сайыпқыран. Жас палуанның жарқын жетістіктері
Жамбыл облысы, Тараз қаласының тумасы Нұрасыл Асылханұлы Аманалы – бүгінде грек-рим күресінен ел назарын өзіне аударып жүрген жас спортшылардың бірі. Нұрасыл 2005 жылғы 9 қаңтарда туған. Бала кезінен спортқа бейім болып өскен ол грек-рим күресін өмірлік жолы ретінде таңдады. Қазіргі таңда М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алып, оқу мен спортты қатар алып ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары