Астанада бокстан Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Әлем кубогының үшінші кезеңі одан әрі жалғасып жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрілігінің Спортты дамыту дирекциясы. Күндізгі сессияда әлем чемпиондары Махмұд Сабырхан (55 кг) мен Нұрбек Оралбай (80 кг) өз қарсыластарын жеңіп, ширек финалға шықты. Ал 54 кг салмақта екінші жекпе-жегіне шыққан Әнел Сақыш Азия чемпионы Феруза Казаковадан (Өзбекстан) жеңіліп қалды. Кешкі ...
Read More »Tag Archives: жартылай финал
Жібек Құламбаева ITF W15 турнирінің финалына шықты
Әлемнің 306-ракеткасы Жібек Құламбаева Сербияның Курсумлийска Баня қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінің финалына шықты. Ол жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркеліп ойнап жатыр. Теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 695-орында тұрған ресейлік Милана Жабраиловадан айласын асырды. Бірінші партия аса тартысты өтіп, тай-брейкте Жібек Құламбаева 7:6 (7:3), екінші сетте 4:0 есебімен басымдық танытты. Соңында матчты 6:1 есебімен жеңді. Матч екі сағаттан астам ...
Read More »Теннисшілеріміз қарт құрлықтың төрінен төбе көрсетті
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева «Үлкен дулыға» турнирінде көңіл көншітерлік өнер көрсетіп жатыр. Мысалы, Бейбіт Жұқаевтың өзі жас болса да бас бола білетінін дәлелдеп, алғаш рет Уимблдонның іріктеу сынынан сүрінбей өтіп, «Үлкен дулының» кілең мықтылар ойнайтын басты додасына жолдама алды. Осының өзі жас спортшы үшін үлкен жетістік деуге болады. Сол сияқты ...
Read More »Отандастарымыздың теннис турнирлеріндегі жорығы жалғасып жатыр
Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева «Үлкен дулыға» турниріндегі жарыстарын одан әрі жалғастырып жатыр. Жастар арасында Уимблдонда Әмір Омарханов, Заңғар Нұрланұлы мен Дамир Жалғасбай (іріктеу) ойнайды. Сол сияқты Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 9-ракеткасы Анна Данилина Ұлыбританияның Истбурн қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінде жаман ойнап жатқан жоқ. Әлемнің 274-ракеткасы Зарина Дияс та Испанияның кортының ...
Read More »Теннисші Анна Данилина Лондон турнирінің жартылай финалына жолдама алды
Теннисші Анна Данилина Ұлыбританияның астанасы – Лондон қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы Queen’s Club Championships турнирінің жартылай финалына шықты. Ол ширек финалда ресейлік Диана Шнайдермен бірге австралиялық Сторм Хантер мен америкалық Дезире Кравчик дуэтін жеңді. Матч екі сетке созылып, 7:6, 6:4 есебімен аяқталды. Жартылай финалда Анна Данилина мен Диана Шнайдер австралиялық Эллен Перес пен қытайлық Чжан Шуаймен ойнайды. ...
Read More »«Ролан Гаррос»: Данилина турнирдің бірінші ракеткасын жеңіп, жартылай финалға шықты
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына шықты. Ол ширек финалда сербиялық Александра Круничпен бірге «Үлкен дулыға» турнирінің бірінші ракеткалары, чехиялық Катержина Синякова мен америкалық Тэйлор Таунсендпен жартылай финалдың жолдамасы үшін күш сынасты. Бірінші партияда Данилина мен Крунич қарсыластарын 7:5 есебімен жеңді. Екінші сетте Синякова мен Таунсенд 6:4 есебімен есе қайтарды. Үшінші партияда Данилина ...
Read More »Қазақстан алғаш рет United Cup турнирінің жартылай финалына шықты
Аустралияда өтіп жатқан United Sup турнирінде Қазақстан құрамасы Германияны жеңіп, жартылай финалға шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Екінші жекелей сында Германиядан әлемнің 2-ракеткасы Александр Зверев ойнамай қалды да, оның орнына рейтингіде 254-орындағы Даниэль Мазур шықты. Мазур бірінші партияда Александр Шевченкодан 7:6 (7:5) есебімен басым түсті. Дегенмен осыдан кейін қазақстандық теннисші камбэк жасай білді. Есеп — 6:2, 6:2. Осылайша, есеп ...
Read More »Бокстан ӘЧ: 17 отандасымыз жартылай финалға шықты
Монтенегроның Будва қаласын 17-18 жастағы боксшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалдық жекпе-жектер аяқталды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Қазақстан құрамасы осы жас санатындағы әлем чемпионатының жартылай финалистер саны бойынша өз рекордын жаңартты. Дүниежүзілік доданың жартылай финалына шыққан боксшылар: Диас Берікбай — 48 кг. Бексұлтан Боранбек — 51 кг. Жансерік Көшербаев – 57 кг. Төрехан Сабырхан – 67 кг. ...
Read More »WTA 1000 турнирі: Рыбакина Путинцеваны жеңіп, алғаш рет жартылай финалға шықты (ВИДЕО)
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алғаш рет Испанияның Мадрид қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты. Рыбакина ширек финалда отандасы, әлемнің 50-ракеткасы Юлия Путинцевамен ойнады. Осыған дейін өзара екі кездесуде Путинцева Рыбакинаны екі рет жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда Юлия Путинцева қарсыласын 6:4 есебімен жеңгенімен, екінші және үшінші партияда Рыбакина отандасымызды 7:6 (7:4), 7:5 есебімен басым түсті. ...
Read More »«Ұлы Жібек жолы»: Қазақстан боксшылары жартылай финалға шықты (ВИДЕО)
Бокстан Әзербайжанның астанасы — Бакуде болып жатқан «Ұлы Жібек жолыһ» халықаралық турнирінде еліміздің бес былғап шебері жартылай финалға шықты. Баку шаршы алаңында Теміртас Жүсіпов (48 кг), Талғат Сырымбетов (60 кг), Дархан Дүйсебай (71 кг), Бекзат Таңатар (86 кг) мен Сағындық Тоғамбай (92 кг) ½ финалда рингке көтеріледі. Бүгін кейбір салмақ дәрежелерінде жартылай финал айқастары басталады. Шаршы алаңға Қазақстанның үш боксшысы ...
Read More »