• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Жекпе-жек

    Жан Кособуцкий ешкімнен жеңілмеген нокаутшымен жекпе-жекке шығады

    Кәсіпқой боксшы Жан Кособуцкийдің келесі қарсыласы анықталды. Ол жақын арада осы кезге дейін шаршы алаңда ешкімнен жеңілмеген америкалық Джаред Андерсонмен жекпе-жекке шығады. Америкалық боксшының жасы – 23-те. Жан Кособуцкий – 34-те. Джаред Андерсон кәсіпқой рингке 13 рет шығып, бірде-бір рет жеңіліп көрмеген. Оның «Дәу балақай» деген лақап аты бар екен. Белгілі америкалық журналист әрі инсайдер Майк Коппинджердің айтуынша, жекпе-жек 1 ...

    Read More »

    Шавкат Рахмонов UFC тізіміндегі орнынан айырылды

    Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (17-0) уақытынан бұрын жеңген кездесулері бойынша UFC файтерлері арасындағы орнын сақтап қала алмады. Ол енді рейтингте бірінші орында тұрған жоқ. Бұған дейін Рахмонов бірінші орында болған еді. Ол қатарынан бес рет жеңіске жетіп, рейтингте бірінші орынға шыққан болатын.  Ал қазір оны ресейлік файтер Сергей Павлович (18-1) басып озды. Ресейлік шебер қатарынан алты рет жекпе-жекке шығып, ...

    Read More »

    Хабиб Нурмагомедов жекпе-жекке қайтып шығатынын айтты

    UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов жақын арада үлкен спортқа қайта оралатынын айтты. Ол әлеуметтік желіде жүгіру спорт жолағында жасаған жаттығудан видео жариялап, жекпе-жекке шілде айына дейін дайын болуы керектігін айтты. Бірақ ММА емес, — деді ол. Спортшы жекпе-жек туралы ешқандай мәлімет бермеді. Хабиб Нурмагомедов өзінің соңғы жекпе-жегін 2020 жылдың күзінде өткізіп, америкалық спортшы Джастин Гэтджиді жеңді. Ол 2020 жылдың шілде ...

    Read More »

    Рахмоновтың ізімен: тағы бір қазақ файтері UFC ұйымымен келісімшартқа отырды

    Қазақстандық жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC-мен келісімшарт жасасты.  Бұл туралы Dar Team командасының PR-менеджері Зарина Буенбаева мәлімдеді. 29 жастағы Алмабаев ММА-де 16 мәрте жеңіске жетіп, бір рет жеңілген. 2022 жылы BRAVE Combat Federation нұсқасы бойынша үздік файтер атанған. Алмабаев Шавкат Рахмоновтың командасында жұмыс істейді: ол соңғы жекпе-жекке дейін Рахмоновтың жаттығу процесіне қатысып, секунданты болды.   Нұрдәулет КЕНЖЕБАЙ, АСТАНА     ...

    Read More »

    Президент Шавкат Рахмоновпен кездесті

    Мемлекет басшысы аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновпен кездесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. Президент даңқты спортшыны таяуда Лас-Вегас қаласында өткен UFC турнирінде жеңіске жетуімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Рахмонов секілді мықты атлеттердің жеңіске деген ерік-жігері мен жетістігі өскелең ұрпақты жігерлендіретінін, саламатты өмір салтын ұстануға ынталандыратынын айтты. Сонымен қатар президент спортшының алдағы уақытта биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді. Өз кезегінде Шавкат Рахмонов ...

    Read More »

    Бүгін бокстан әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектер болады

    Бүгін Үндістан астанасында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектер болады.  Чемпионат 16 наурыз күні басталды. Бұл туралы rast.kz хабарлады. Финалға Үндістан мен Қытайдан – төртеуден, Австралия, Моңғолия, Италия, Ресей және Қазақстан құрамалары сапынан екі-екі боксшыдан шықты. Вьетнам, Тайпей, Колумбия, Алжир, Марокко елдерінен бір-бір боксшыдан бар. Чемпионат финалында мына боксшылар ең үздіктерді анықтайды: 48 кг. Ниту Ниту (Үндістан) – Алтанцецег Луцайхан ...

    Read More »

    Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы анықталды

    UFC президенті Дэйна Уайт Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласын атады. Ол Лондонда Леон Эдвардс пен Камару Усман арасындағы жекпе-жектен кейін қазақ файтерінің келесі қарсыласы -америкалық Белал Мұхаммед болатынын айтты. UFC рейтингінде алтыншы орында тұрған қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов төртінші жартылай ауыр салмақтағы америкалық Белал Мұхаммедке қарсы жекпе-жекке шығады, — деді ол Дэйна Уайт баспасөз мәслихатында. Ал, Лондондағы UFC 286 турнирінің басты ...

    Read More »

    Шавкат Рахмонов өзіне сезімін білдірген америкалық журналистке жауап берді

    28 жастағы UFC файтері Шавкат Рахмонов қыздардың жүрегін жаулап алды, – деп хабарлады inbussines.kz.     Америкалық Джефф Нилді 17:0 есебімен жеңгеннен кейін Шавкаттың бейнероликтері әлеуметтік желіге күрт тарап кетті. UFC салмақ өлшеу шоуының эфирінде спорт журналисі Лаура Санко жеңіліп көрмеген қазақстандықты көргенде «денесі тітіркеніп кеткенін» мойындады. Бойжеткен Шавкаттан сұқбат алуды армандайтынын айтты. Боксшының өзі кең таралған видеоға қатысты пікір білдіріп, мұндай ілтипатқа ...

    Read More »

    Шавкат Рахмонов америкалық файтермен жекпе-жекке шығады

    5 наурыз күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында UFC 285 турнирі болады. Онда UFC жекпе-жегінде жартылай орта салмақта күш сынасатын файтер Шавкат Рахмонов турнирдің негізгі кардында америкалық Джефф Нилмен жекпе-жекке шығады. Кеше қарсыластар жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатын өткізіп, бірінші рет бетпе-бет жолықты. Қазір Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде 9-орында тұр. Ол — мінсіз рекорд иегері. Яғни, Шавкат 16 рет жеңіске жетіп, бірде бір ...

    Read More »

    Сәпиевпен жағаласқан балуанның жаттықтырушысы мән-жайды түсіндірді (ВИДЕО)

    Балуан Зелимхан Мусихановтың жаттықтырушысы Александр Гольцман өзінің instagram-дағы парақшасында Batyrball сайысы кезінде Серік Сәпиевпен болған жанжалға қатысты түсінік берді, деп хабарлады Halyq Uni.  Оның айтуынша, Зелимхан Мусиханов Серік Сәпиевтің Олимпиада чемпионы екенін білмеген. Құрметті қазақ елі! Біріншіден, менің оқушым Зелимхан оның Олимпиада чемпионы екенін білмеген екен. Мен бірден оқушыма бара алмадым. Өйткені, мені ұстап тұрды. Артынан «Тренер, мен тіпті оның Олимпиада чемпионы ...

    Read More »