• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Жекпе-жек

    Шавкат Рахмонов келесі жылға басты жоспарын айтты

    Аралас жекпе-жектің шебері Шавкат Рахмонов (17-0) келесі жылы UFC чемпиондық атағын жеңіп алғысы келетінін ашып айтты. Мен келесі жылы UFC чемпионы атағына таласқым келеді. Басты мақсатым – чемпиондық белбеуді иеленіп, Қазақстанға қайту, — деді ол The MMA Hour-ға берген сұхбатында. Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегін 17 желтоқсанда Лас-Вегастағы UFC 296 жарысында өткізеді. Бұл жерде ол америкалық Стивен Томпсонмен (17-6-1) октогонға шығады. ...

    Read More »

    Боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Ташкентте жекпе-жекке шығады (ВИДЕО)

    Кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Өзбекстанның Ташкент қаласында Чили елінің былғары қолғап шебері Хулио Аламосқа қарсы жекпе-жекке шығады. Кеше олар салмақ өлшеп, айқасқа дайындықты бастап кетті. Рәсімде Мейірім Нұрсұлтановтың салмағы орта салмақ санатының лимитінен аспай, таразы 72,5 келіні көрсетті. Оның қарсыласының салмағы 72,3 кг болды. Осы жеде қазақ боксшысын қолдауға Өзбекстанның аса ауыр салмақтағы кәсіпқой боксшысы Баходир Жалолов келді. Жалолов 2020 ...

    Read More »

    Жалғас Жұмағұлов Rukh клубына қосылды

    Белгілі файтер Жалғас Жұмағұлов Rukh клубына қосылды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының перзиденті, меценат Кеңес Рақышев айтты. Біздің Rukh атты клубымызға UFC-тің тағы бір жауынгері қосылды. Сіздерге қазақ батыры Жалғас Жұмағұловты ерекше таныстырудың қажеті жоқ: көпшіліктің сүйіктісі, ашық мінезді және шынайы жігіт Жалғас керемет жекпе-жектер мен әдемі жеңістерді көрсету мүмкіндігін асыға күтуде. Дамир Ысмағұлов, Жәнібек Әлімханұлы мен Садриддин Ахмедов сияқты ...

    Read More »

    Ешкімнен жеңілмеген боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды (ВИДЕО)

    Ұлыбританиялық кәсіпқой боксшы Феликс Кэш Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды.  24.kz телеарнасының хабарлауынша, Феликс Кэш бүгінге дейін 16 рет қолғап түйістіріп, соның бәрінде жеңіске жеткен. 10 жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтаған. Соның арқасында ол WBO рейтингінде төртінші орынға көтерілген. «Қазақ стайл» (Әлімханұлының лақап аты, — ред.) кел айқасайық. Жұдырықтасатын ешкім жоқ деп әлі айтып жүрсің ғой. Менімен айқаста саудаң бітеді, — деді ол ...

    Read More »

    Дамир Ысмағұлов UFC-мен келісімшартын аяқтады

    UFC файтері Дамир Ысмағұлов ұйыммен келісімшартын аяқтап, жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингтен ресми түрде шығып кетті. Шілде айында Ысмағұлов UFC турнирінде Грант Доусонмен жекпе-жекке шығып, төрешілер шешіммен жеңіліп қалған соң, промоушендер тізімінен шығарылды. Бұған дейін ол рейтингте 14-орында болса, енді оның орнына Мэтт Фревола шықты. 15-орынға рейтингке жаңа қосылған Диего Феррейра орналасты. UFC жеңіл салмақтағы үздік үштікке Чарльз Оливейра, Дастин Порье ...

    Read More »

    Жалғас Жұмағұлов UFC-ден шығарылды

    Жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов (14-9) UFC-ден шығарылды. Бұл туралы Twitter-дегі UFC Roster Watch парақшасында хабарланды. Спортшы UFC-де 1 рет жеңіске жетіп, 6 рет жеңілді. Ол соңғы жекпе-жегінде Джошуа Вануға (8-1) есе жіберген еді. Сонымен, Жұмағұловтың есебінде UFC-де 1 жеңіс пен 6 жеңіліс бар. Осылайша ол 3 жекпе-жекте бөлек шешіммен жеңілген алғашқы жауынгер болды.   Дәурен ЕРБОЛАТ, АСТАНА

    Read More »

    Шавкат Рахмоновтың қарсыласы белгілі болды

    UFC президенті Дана Уайт аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласын атады. Ол Шавкат Рахмоновтың 16 қыркүйекте америкалық Келвин Гастелумпен жекпе-жекке шығатынын айтты. Осы күні UFC турнирінің басты жекпе-жегінің бірі АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында Мексиканың тәуелсіздік күніне орай өтеді. Ал бұл кештің басты жекпе-жегі жеңіл салмақтағы Алекса Грассо (Мексика) мен Валентина Шевченко (Қырғызстан) арасында болады. Еске сала кетсек, Шавкат Рахмонов ММА-де ...

    Read More »

    Канелоның ізбасары Головкинді тағы да жекпе-жекке шақырды

    Бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Хайме Мунгия (41-0, 33 КО) тағы да Геннадий Головкинді (42-2-1, 37 КО) жекпе-жекке шақырды. Боксшылар 2018 жылы жұдырықтасуы мүмкін еді. Бірақ сол кезде Невада штатының атлетикалық комиссиясы мексикалық спортшының айқасқа дайын емес деп жекпе-жекке рұқсат бермеді. Хайме Мунгияның айтуынша, ол  Головкинмен немесе Чарломен қолғап түйістіргісі келеді. Біздің менеджерлер осыларды көздеп отыр. Менде олармен жұдырықтасуға ...

    Read More »

    Белгілі спортшы жекпе-жек алдында қарсыласының кеудесіне мылтық кезеді (ВИДЕО)

    Актер және аралас жекпе-жек жауынгері Еркебұлан Тоқтар айқас алдындағы кездесу сәтінен видео жариялады, деп хабарлады Halyq Uni.kz Ирандық файтер Паям Назаримен (3-1) көзарбасуға ол қолына мылтық ұстап шығып, қарсыласымен жанжалдасып қалды. Видеоға «Бүгін атпадым, ертең атамын», деген жазба қалдырған. Айта кетейік, қазақстандық пен ирандық спортшының арасындағы айқас Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайныда Octagon 44 турнирі аясында 29 сәуірде жеңіл ...

    Read More »

    Хамзат Чимаев Шавкат Рахмоновты «мысыққа» теңеді

    Тегі шешен швециялық файтер Хамзат Чимаев Instagram-да Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек туралы сұраққа жауап берді. Желі қолданушылардың бірі: «Чимаев, бауырым, сен нақты айтшы, өтініш. Қазақтың жолбарысы Шавкат Рахмоновпен айқасқа шығудан қорқасың ба?», — деп төтесінен сұрақ қойған. Оған Чимаев: «Бөрілер мысықтан қорықпайды. Қазақ, осыны ұмытпа!», — деп жауап қайтарған. Бұған дейін хабарланғандай, UFC-дің файтерлері Шавкат Рахмонов пен Хамзат Чимаев Instagram әлеуметтік ...

    Read More »