• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Жекпе-жек

    «Кез келгенімен рингке шығуға дайынмын». Батыр Жүкембаев мәлімдеме жасады

    Бірінші жартылай орта салмақтағы боксшы Батыр Жүкембаев (20-1, 16 КО) өз дивизионындағы боксшылармен жұдырықтасуға дайын екенін айтты. Кеттік! Бірінші жартылай ортада кез келген боксшымен қолғап түйістіруге дайынмын! (140 фунт), — деп жазды Батыр Twitter-дегі парақшасында. Ол Боксшы Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) Алматыдағы бокс кешінің басты айқастарының бірінде жеңіске жеткен болатын. Оның қарсыласы «Tiger» лақап атымен танымал оңтүстікафрикалық Ксолани Мкотели ...

    Read More »

    Аралас жекпе-жек шебері Сергей Морозов UFC-де үшінші рет жеңіске жетті

    Аралас жекпе-жек шебері Сергей Морозов АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC Fight Night 216 аралас жекпе-жек турнирінде америкалық Джорни Ньюсонмен жекпе-жекке шықты. Кездесу үш раундқа есептелген болатын. Осы жекпе-жекте ең жеңіл салмақтағы Морозов төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, отандасымыз ММА-дегі 12-жеңісіне жетті. Ал Джорни Ньюсон 4-рет жеңілді. UFC-дегі жарысқа келетін болсақ, бұл Морозовтың промоушндегі үшінші жеңісі (екі рет жеңілді), ал ...

    Read More »

    Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегі туралы ақпарат шықты

    Mergen FC қазақстандық промоутері Қуат Хамитов 2023 жылдың қаңтарында өтетін келесі турнирінде жұдырықтасатынын жариялады. «Найман» жекпе-жекке дайындалу үшін Тайландқа аттанды. Хамитов 2022 жылдың қаңтарында зейнетке шығатынын айтқан еді. Бірақ Василий Бабинцевпен жекпе-жектен кейін қыркүйекте октогонға оралды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Жалғас Жұмағұлов соңғы жекпе-жектен кейін UFC-ден кететінін жариялады

    ММА шебері Жалғас Жұмағұлов (14-8) төрешілердің кезекті даулы шешіміне жауап ретінде видео жариялады. «Жекпе-жекті бәріңіз көрдіңіздер, не айтайын? Айтатын ештеңе жоқ. Бұл менің соңғы жекпе-жегім. Маған жанкүйер болғандарыңыз үшін рахмет. Енді айқасқым келмейді. Нешінші рет айқастым – төрешілер маған бермейді. Барымды салып еңбектеніп жатырмын. Алайда нәтиже осындай. Мен мұны эмоцияға салынып айтып тұрғаным жоқ. Маған жанкүйерлік еткендеріңізге рахмет», — деді ...

    Read More »

    Астанадағы айқаста шын мықтылар анықталды

    Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында «Alash Pride» промоушенінің ұйымдастыруымен аралас жекпе-жектен «Alash Pride FC75» халықаралық турнирі өтті. Оған алты елден келген 10 жұп қатысып, елорда төрінде керілген октагонда күш сынасты. Кештің басты жекпе-жегінде Қырғызстанның сарбазы Куштарбек Амирбекуулы  мен Ресейдің Дағыстан Республикасының өкілі Рамазан Кадиев лиганың чемпиондық белбеуін сарапқа салды. Бұл жекпе-жек ұзаққа созылмады. Бірінші кезеңде-ақ дағыстандық қырғыздың «Конорын» қылқындыру әдісін қолданып, жеңіске жетті. Одан ...

    Read More »

    «Аралас жекпе-жек ел намысын арқалап келеді» — Данияр Қасқарауов

    Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында «Alash Pride» промоушенінің ұйымдастыруымен аралас жекпе-жектен «Alash Pride FC75»  халықаралық турнирінің баспасөз брифингі өтті.  Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аталған шаралардың өтуі мен ұйымдастырылуы жөніндегі баспасөз жиынына «ALASH PRIDE FC» промоушенінің президенті, Қазақстан Республикасының құрметті спорт қызметкері Данияр Қасқарауов, Нұр-Сұлтан қаласының Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының басшысы Бахтияр Масанов, спорт саласының мамандары мен БАҚ өкілдері қатысты. ...

    Read More »

    Орловтан он жыл бұрын айтқан едім!!!

    Ресейлік кәсіпқой боксшы Максим Дадашевтің кезекті шайқас біткен сәтте өліп кетуі әлемді тағы дүрліктірді. Арада екі-үш күн өткенде тағы бір шет елдік кәсіпқой боксшы шаршы алаңда қаза болды. Бүгінде мұндай мысалдар аз емес. Мына спорт шолушысы күле отырып айтқан қорытындыны мен мұнан он жыл бұрын жалынып отырып айтқан едім! Кәсіпқой боксты тоқтатыңдар дей алмаймын. Тек бұл спорт түріне терең медициналық ...

    Read More »

    Атырауда Жауынгерлік өнер ассоциациясының басшысы тағайындалды

    Өткен жылдың соңында  елімізде Жауынгерлік өнер ассоциациясы құрылып, президенті болып Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов тағайындалған болатын. Осы күнде   еліміздің әр өңірінде осы қауымдастықтың федерациялары ашылып, өз жұмыстарын бастады. Бұдан былай Олимпиада ойындарына енбеген спорт түрлерінің 20 федерациясы бір тудың астына бірігіп, Жауынгерлік өнер ассоциациясына қарайтын болды. Атырау облысында Жауынгерлік өнер ассоциациясының кезекті жиыны өтіп, мұнайлы өңірдегі өкілдігіне басшы тағайындады. Осынау іргелі ...

    Read More »