• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: жолдама

    Семсерлесушілер Олимпиада жолдамасын сарапқа салады

    22-24 наурыз күндері Грузияның Тбилиси қаласында шпагамен семсерлесуден Әлем кубогы кезеңі болады. Онда әлемнің 60-тан астам елінен жиналған спортшылар рейтингілік ұпай мен Париж Олимпиадасының жолдамасы үшін бақ сынайды, деп хабарлады olympic.kz. Бұл турнирде Руслан Курбанов пен Эльмир Әлімжанов бастаған құрама тарихта тұңғыш рет командалық сында лицензия жеңіп алуы мүмкін. Әлем кубогына Қазақстан сапынан 12 спортшы қатысады. Олар — Руслан Курбанов, ...

    Read More »

    Таеквондошы Абабакиров Олимпиада лицензиясын алды

    Таеквондошы Самирхон Абабакиров (58 кг) Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болды. Жартылай финалда ол Филиппин өкілі Курт Бриан Барбосаны айқын басымдықпен жеңді. Ұлттық құраманың спортшысы екі раундта ірі есеппен жеңіске жетті. Есеп – 2:0. Оған дейін Самирхон Абабакиров Нұрхан Самидиновты (Қырғызстан), одан кейін Танакрит Йодракты (Таиланд) жеңген болатын. Бұл — таеквондодан ұлттық құраманың Париж ...

    Read More »

    17 жастағы таеквондошы Олимпиада жолдамасын олжалады

    Таеквондошы Батырхан Төлеуғали Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Ұлттық құрамадағы ең жас таеквондошы жартылай финалда Сауд Арабиясының спортшысы Әли Мабрук әл-Мабрукты жеңді. Жекпе-жекте есеп 2:0 болып тіркелді. Оған дейін Батырхан Төлеуғали алғашқы жекпе-жегінде Акшай Худаны (Үндістан) айқын басымдықпен жеңген болатын. Бұл лицензия — таеквондодан ұлттық құраманың алғашқы жолдамасы. Олимпиада жолдамасын алған Батырхан Төлеуғали ...

    Read More »

    Олимпиада жолдамасына төрт таеквондошы таласады

    15-16 наурыз аралығында Қытайдың Тайань қаласында таеквондодан Париж Олимпиадасына жолдама тарататын Азия аймақтық іріктеу турнирі болады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Құрлық додасында 33 елден келген 96 спортшы қатысады. Турнирге Қазақстаннан жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері (2022), Спартакиада жеңімпазы, 17 жастағы Батырхан Төлеуғали (80 кг), Самирхон Абабакиров (58 кг) қатысады. Самирхон 20 жаста. Ол — ...

    Read More »

    Боксшы Айбек Оралбай Олимпиада лицензиясын жеңіп алды (ВИДЕО)

    Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде 92 келі салмақтағы Азия чемпионы Айбек Оралбай Олимпиадаға жолдаманы жеңіп алды. Ол 1/4 финалда АҚШ-тың өкілі Жамар Таллейді барлық раундта жеңіп, төрт жылда бір келетін додада өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Осы салмақта Токио Олимпиадасында Василий Левит күш сынасқан еді. Бұған дейін хабарланғандай, көптен бері халықаралық аренаға шыға алмай жүрген 92 келі салмақтағы ...

    Read More »

    Бокстан әйелдер құрамасы Италияға аттанды (ВИДЕО)

    Бокстан еліміздің әйелдер құрама командасы 4-12 наурыз аралығында Италияның Бусто-Арсицио қаласына ерлер және әйелдер арасында Францияның Париж қаласында жалауы көтерілетін жазғы Олимпиялық ойындарға лицензия беретін халықаралық турнирге қатысу үшін аттанды. Осы жерде Олимпиадаға 21 жолдама сарапқа салынады. Қазақстан құрамында шаршы алаңға 50 келі салмақта Алуа Балқыбекова, 54 келіде Жайна Шекербекова, Римма Волосенко (60 кг), Наталья Богданова (66 кг), Валентина Хальзова ...

    Read More »

    Арина Алтухова нысана көздеуден Олимпиада лицензиясын алды

    Нысана көздеуден Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Арина Алтухова Олимпиада жолдамасын алды. Ол 50 метр жерден пневматикалық тапаншадан үш позициядан оқ ату жарысында финалда бесінші орын иеленіп, Париж Олимпиадасының лицензиясына ие болды. Бұл — Қазақстан құрамасы үшін осы спорт түріндегі екінші лицензия. Бакуде өткен әлем чемпионатында алғашқы жолдаманы Ислам Сәтпаев иеленген болатын. Азия чемпионаты 2 қарашаға дейін ...

    Read More »

    Дмитрий Морозов пен Алина Дауранова А тобына жолдама алды

    Нидерландтың Херенвен қаласында конькимен жүгіруден Әлем кубогы кезеңінің В тобындағы сын аяқталды. Әйелдер арасында 500 метрге жарыста Алина Дауранова екінші орын алды. Оның уақыт көрсеткіші – 38.75 секунд. Ерлер арасында 1500 метрге Дмитрий Морозов В тобында жеңіске жетті. Ол сөреден мәреге 1:45.95 секундта жетті. Осылайша, Дмитрий мен Алина келесі кезеңнен бастап таңдаулы конькишілер бақ сынайтын А тобында өнер көрсетеді.   ...

    Read More »

    Қазақстан әлем чемпионатына екі жолдама алды

    Таиландта Су добынан Азия чемпионаты аяқталды. Ол 7-14 қараша аралығында өтті. Оған он ерлер мен алты әйелдер командасы қатысты. Қазақстанның ерлер мен әйелдер құрама командалары үшінші орын алып, қола медаль жеңіп алды. Бұл біліктілік оларға 2023 жылдың шілдесінде Фукуокада (Жапония) өтетін 19-FINA су спортынан әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік берді. Оған 200-ден астам елден 5000-ға жуық спортшы қатысып, жүзу, су добы, ашық суда жүзу, суға ...

    Read More »

    Елена Рыбакина Қазақстан командасына жолдама алып берді

    Шотландияның Глазго қаласында теннистен командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде «С» тобында Қазақстан құрамасы Ұлыбританияның командасын ұтып, ширек финалға шықты. Кездесудің екінші ойынында Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Елена Рыбакина мен дүниежүзілік рейтингте 98-сатыда тұрған Хэрриет Дарт кездесті. Онда Рыбакина бірінші партияда есеп 1:1 болғанда қатарынан бес геймді ұтты. Есеп –  6:1. Екінші сетті отандасымыз 2:0 есебімен ...

    Read More »