• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: жүлде

    Гимнаст Айбота Ертайқызы Гран-приде екі жүлде алды

    Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Чехияның Брно қаласында өткен Гран-при кезеңінде жүлдеге ие болды. Спортшы екі күміс медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, Ертайқызы ұршықтармен орындалатын жаттығуда (28,100 ұпай) және таспамен орындалатын жаттығуда (28,050 ұпай) екінші орынға ие болды. Сондай-ақ ол көпсайыста бесінші нәтиже көрсетті.   Рүстем ЖҰМАН, АСТАНА  

    Read More »

    Мергендер Азия чемпионатында 9 медаль жеңіп алды

    16–30 тамыз аралығында Шымкент қаласында нысана көздеу спортынан өтіп жатқан XVI Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп жатыр. Қазір ұлттық құрама команда 9 медальді атап айтқанда, 2 алтын, 1 күміс және 6 қола жүлдені жеңіп алды. Елімізге алғашқы алтынды Ислам Сатпаев сыйлады. 10 метрлік пневматикалық винтовка жаттығуының финалында Алматы қаласының өкілі, Париж-2024 Олимпиадасының қола жүлдегері қытайлық және кореялық қарсыластарын ...

    Read More »

    Kazakhstan Open: Таеквондошылар он алтын медаль жеңіп алды

    Астанада таеквондодан Kazakhstan Open-1025 G1 халықаралық турнирінің бірінші күні болды. Рейтингтік жарыста Қазақстан құрамасы жалпы 38 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 10 алтын медаль бар. Алтын медальді Еркебұлан Енсегенов (54 кг), Жавохирхан Исламов (58 кг), Нұрбек Ғазез (68 кг), Бекасыл Ергеш (74 кг), Батырхан Төлеуғали (80 кг), Бейбарыс Қаблан (87 келіден аса салмақ), Айдана Құмартаева (46 кг, Нодира Ахмедова (53 ...

    Read More »

    Қазақстан қоржыны жеті жүлдемен толықты

    Бүгін Алматыда  үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирі мәресіне жетті. Бұл жарыста отандастарымыз  екі күміс және бес қола медаль жеңіп алды. Оған Азия, Африка, Америка, Еуропадан 235 спортшы қатысты. Турнирде мына спортшылар жүлдегенлер қатарынан көрінді. 2-орын Алан Құрманғалиев (жаттықтырушысы — Эльмира Алиева, Қарағанды). 2-орын Злата Стадник (жаттықтырушысы — Татьяна Ким, Қарағанды). 3-орын Қарақат Мейрхан (жаттықтырушысы Бауыржан Шайхин, Семей қ.). 3-орын Аделя Әлжанова (жаттықтырушылары — Ернар Ыбырай, Дмитрий Переверзев, Қызылорда). 3-орын Нұрдәулет Азаматұлы (жаттықтырушысы — ...

    Read More »

    Балуандар Мажарстандағы турнирде жеті жүлдені иеленді

    Мажарстанның Будапешт қаласында күрес түрлерінен Polyák Imre & Varga János Memorial турнирі болды. Осы турнирде қазақстан құрамасының балуандары 7 медальді жеңіп алды. Еркін күрестен 61 кг салмақта Асылжан Есенгелді қола жүлдеге ие болды. Грек-рим күресінен Марлан Мұқашев (55 кг) күміс медаль алса, Ержет Жарлықасын (63 кг) мен Әлімхан Сыздықов (130 кг) қола медальға ие болды. Әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова (72 ...

    Read More »

    Жеті жүлде! Қазақстан үстел теннисінен Өзбекстаннан озды

    Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында үстел теннисінен өткен WTT Youth Contender Tashkent 2025 халықаралық турнирі аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы жеті жүлдені иеленді. 19 жасқа дейінгі жастар арасында бірінші орынды Алан Құрманғалиев жеңіп алды. Осы санатта Абдулла Мамай мен Ноила Ханиязова аралас жұптар жарысында топ жарса Аделя Алжанова 11 жасқа дейінгі балалар додасында бірінші орынға шықты. Күміс жүлдені Назерке Болатбек ...

    Read More »

    Боксшылар халықаралық турнирде алты жүлдені жеңіп алды

    Ресейдің Хабаровск қаласында бокстан халықаралық турнир аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан ерлер құрамасы алты жүлдені жеңіп алды. Атап айтқанда, 54 килоға дейінгі салмақта Сәкен Бибосынов пен 92 кг-ден аса салмақтағы Нұрлан Сапарбай турнирдің жеңімпазы атанды. Сағындық Тоғамбай (92 кг-ге дейін) күміс медальді иеленсе, Теміртас Жүсіпов (48 килоға дейін), Жандос Қыдыралиев (63,5 к-ге дейін) пен Мұхаммедсадыр Базарбайұлы (67 килоға дейін) қола жүлдені ...

    Read More »

    WTT Youth Contender: Қазақстан үстел теннисінен екі жүлдені жеңіп алды

    Үстел теннисінен Қазақстан командасы Исмаилиядағы (Мысыр) WTT Youth Contender турнирінде екі медальмен көзге түсті, деп хабарлады olympic.kz. Екінші орынды Жанерке Көшкімбаева (U19) мен Жания Бекмұхамбетова (U11) алды. Айта кетелік, бұған дейін Бекмұхамбетова 13 жастағы спортшылар категориясында бірінші орын алған.

    Read More »

    Жеңіл атлетикадан АЧ: Қазақстан тағы үш жүлде алды

    Жеңіл атлетикадан Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтіп жатқан 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан спортшылары тағы үш медальді жеңіп алды, Olympic.kz Сырықпен секіруден қыздар арасындағы сында Анна Черкашина күміс жүлдеге ие болса, Иван Сенин онсайыстан үшінші орынға табан тіреді. 400 метрге жүгіруден қыздар арасындағы бәсекеде Мария Шувалова қола медаль иеленді. Бұған дейін Фаина Мейірманова биіктікке секіруден екінші ...

    Read More »

    Таеквондошылар Испаниядан төрт жүлдемен оралды

    Таеквондодан Испанияда өткен G-1 санатындағы халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының спортшылары жалпы есепте үшінші орын иеленді. Ересектер арасында Әзірет Дүйсенбек (54 кг) пен Нұрлан Мырзабаев (87 кг) алтын медаль жеңіп алды. Абдурахмон Марипов (74 кг) күміс иеленсе, Жавовирхан Исламовтың (58 кг) еншісінде қола жүлде бар. Кадеттер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы бірінші орыннан көрінді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »