• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: күміс жүлдегер

    Анна Нұрмұхамбетова елге Олимпиаданың күміс жүлдесімен оралды

    Бүгін Астанаға Перудің Лима қаласынан Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған Анна Нурмухамбетова мен Словенияның астанасы — Люблянада брейкингтен өткен әлем чемпионатында жүлдегер атанған Әмір Қылышбаев (алтын) пен Әмір Амангелді (қола) келді. Анна Нұрмұхамбетоваға күміс медальді жасөспірімдер арасында Перудің астанасы – Лима қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында табыс етілді. Ал Әмір Қылышбаев пен Әмір Амангелді Словенияда аяқталған әлем чемпионатында жүлдеге ие ...

    Read More »

    Қазақстан хоккейден Ислам елдері арасында күміс жүлдегер атанды

    Қазақстан құрамасы хоккейден 11-15 мамыр аралығында Татарстан Республикасының Қазан қаласында «Ресей – Ислам әлемі: Kazan Forum» атты халықаралық экономикалық форумының аясында өткен халықаралық турнирде күміс жүлдеге ие болды. Бұл жарысқа ел құрамасының сапында Шығыс Қазақстан облысының полицейлері де сайысқа түсті. Polisia.kz-тің хабарлауынша, Қазақстанның намысын Oskemen командасы қорғады. Оның құрамына Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері Серік Шидеринов пен Георгий Обухов ...

    Read More »

    Қазақстан индорхоккейден  Азия кубогының күміс жүлдегері атанды

    Индорхоккейден әйелдер арасында Таиландтың Чонбури қаласында өтіп жатқан Азия кубогында Қазақстан құрамасы күміс жүлдені иеленді, деп хабарлады ТСМ Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құрама финалда алаң иесі – Таиландтың командасынан 2:6 есебімен жеңілді. Жабық ғимараттағы көгалдағы хоккейді индорхоккей  деп атайды.  Биылғы Азия кубогында спорттың осы түрінен әйелдер құрамасы топтық кезеңде А тобында сынға түсті. Жарыста құрама команда Вьетнамды 28:0, Малайзияны 5:1, ...

    Read More »

    Гимнасшы Милад Карими — Азия чемпионатының күміс жүлдегері!

    Спорттық гимнастикадан Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Милад Карими күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz. Карими көпсайыстан 84.632 ұпай жинап, жалпы есепте екінші орынға шықты. Алтын жүлдеге әлем чемпионатының бірнеше дүркін медалисі, филиппиндік Карлос Юло ие болды. Өзбекстандық Абдулла Азимов 82.431 ұпаймен турнирдің қола медалін иеленіп қана қоймай, Париж Олимпиадасына да жолдама алды. Карими де, ...

    Read More »

    Мағжан Шамшадин – Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері!

    Дзюдошы Мағжан Шамшадин Тәжікстанның астанасы — Душанбеде басталған Үлкен дулыға (Grand Slam) санатындағы турнирдің күміс жүлдегері атанды. Ұлттың құраманың белді өкілі  60 келіге дейінгі салмақта финалда жарыс қожайыны Мұхаммедсолех Кубатовқа жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Қола медальді Изнаур Сааев пен Хайато Кондо иеленді. Бұл — Мағжан Шамшадиннің Үлкен дулыға санатындағы жарыстарда алған төртінші жүлдесі. Ол былтыр Астанада алғаш рет өткен Qazaqstan ...

    Read More »

    Challenge Cup турнирі: Қазақстан алтын мен күміс медаль алды

    Түркияның Анталья қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup санатындағы турнир аяқталды, деп хабарлады kazsports.kz. Бұл жарыста ұлттық құраманың спортшылары екі жүлдеге ие болды. Әуелі ат снарядында Нариман Курбанов күміс жүлдегер атанды. Содан кейін Асан Салимов тіреніп секіру жаттығуда алтын жүлдені жеңіп алды. Ол финалда 14.300 ұпай жинап, Украина құрамасының екі гимнастынан озып кетті. Бұған дейін хабарланғандай, көркем гимнастикадан Францияның Тье қаласында ...

    Read More »

    Пара таеквондодан ӘЧ: Қазақстан үш медаль жеңіп алды

    Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлау орталығының хабарлауынша, Қырғызстанның Бішкек қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында өтіп жатқан таеквондодан әлем чемпионатында Диас Рысбеков 54 келіге дейінгі  салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алды. Сонымен бірге  58 келіге дейінгі салмақта Аян Абдраш күміс жүлдені, Мәди Сейсенбаев осы салмақта қола медальді иеленді. ...

    Read More »

    Шорт-трекші Никиша елімізге алғашқы жүлдені жеңіп алды

    Шорт-тректен Нидерланд Корольдігінің Роттердам қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Денис Никиша спорттың осы түрінен алғашқы жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құрамныңа көшбасшысы 500 метрге жарыста мәреге екінші келіп, күміс медальді иеленді.  Алтын жүлдені Лин Сяоджун (Қытай) алса, қола медалге Джордан Пьере-Гиллес (Канада) ие болды. Бұл — Қазақстанның шорт-тректен ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы ...

    Read More »

    Фристайл-могулдан Әлем кубогы: Павел Колмаков — күміс жүлдегер!

    Фристайл-могулдан Алматыда өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде ұлттық құраманың спортшысы Павел Колмаков күміс жүлдегер атанды. Колмаков параллель могул бағдарламасында жартылай финалда финляндиялық атлет Сивери Виерелладан басым түсті. Ал финалда танымал спортшы, канадалық Микаэль Кингсбериге жол берді. Бұл параллель могулда Павел Колмаков пен Микаэль Кингсбери арасындағы алғашқы текетірес емес. Былтыр Грузияда өткен әлем чемпионатының жартылай финалында канадалық отандасымыздың жолын кескен. Осыдан ...

    Read More »

    Шорт-тректен ӘЧ: Алина Әжіғалиеваның күміс жүлдесі тарихи оқиғаға баланып жатыр

    Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ұлттық құраманың спортшысы Алина Әжіғалиева 1500 метр қашықтықтың финалына шығып, мәреге екінші болып келді. Мажарстан спортшысы Майя Дора Сомоди чемпион атанса, қытайлық Ванью Лю қола жүлдегер а атанды. Бұл — еліміздің тарихындағы бұрымды шорт-трек шеберлерінің әлем чемпионатында жеңіп алған тұңғыш жүлдесі. Бұған дейін әлем чемпионатының жүлдегерлерінің қатарында тек Денис Никиша ...

    Read More »