• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: күміс жүлдегер

    III ТМД елдері ойындары: мергендер қоржынға екі медаль салды

    Әзербайжанда басталған ТМД елдерінің III ойындарында стенд атудан Қазақстан құрамасы екі жүлдені жеңіп алып үлгерді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Скит жаттығуында аралас жұптық сында Максим Почивалов пен Лидия Башарова жұбы аса тартысты өткен финалда күміс жүлдегер атанды. Микстен жүлдегерлер: Ресей Қазақстан Әзербайжан Ал трап жаттығуында жекелей сында Наргиза Сарманова қола жүлдеге ие болды. ...

    Read More »

    Нодира Ахмедова таэквондодан күміс жүлдегер атанды

    Таэквондошы Нодира Ахмедова Польшада өтіп жатқан халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды. Ол 49 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Болгарияның өкілі Александра Георгиеваны 2:1 есебімен жеңді. Финалда Испанияның спортшысы Виолетта Аррибастан 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Ахмедова күміс медаль иеленді.   Рүстем ЖҰМАН, АСТАНА  

    Read More »

    Дзюдодан АЧ: Қазақстан құрамасы тағы алтын жүлде алды

    Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатының екінші күнінде 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Ел құрамасынан Інжу Жұмажан (57 кг) алтын, Тоғжан Төлебай (70 келіден аса салмақ) күміс жүлде алса, Ерасыл Болатбек (81 кг), Ұлдана Қожаназарова (70 кг) мен Ердәулет Жұмабай (90 кг) қола жүлдеге ие болды. Бүған дейін Азия чемпионатының алғашқы күні ел құрамасынан Фархат ...

    Read More »

    Дзюдодан ӘЧ: Қазақстан тағы екі жүлде жеңіп алды

    Дзюдошы Мұхаммедәлі Жылқайдар Болгарияның астанасы София қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатының финалында күміс медаль алды. Ол 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ресей спортшысы Рахим Хамхоевтен жеңіліп қалды. Сол салмақ дәрежесінде Ролан Қайрғали Канаданың балуаны Анечка Матиды жеңіп, құрмет тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Осылайша, ұлттық құрама төрт жүлде алып отыр. Бұған дейін Ернұр Батырғали (60 келіге дейін) алтын медальді, ...

    Read More »

    Күрестен ӘЧ: Қазақстан төртінші жүлдесін жеңіп алды

    Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатындағы белдесулерін аяқтады. Дүбірлі доданың соңғы күні екі отандасымыз бозкілемге шықты. Бірінші болып 87 келіге едйінгі салмақта Темірлан Тұрдақын күресті. Ол қола медаль үшін белдесуде Әзербайжан спортшысы Орхан Гаджиевті жеңді. Одан кейін 63 келіге дейінгі салмақта Дамир Ибраишов та үшінші орын үшін күш сынасты. Алайда ол Ресей балуаны Игорь Пунченкодан ...

    Read More »

    Слаломды есуден АЧ: Екатерина Таранцева — күміс жүлдегер!

    Қытайдың Сиаси қаласында слаломды есуден Азия чемпионаты жалауын көтерді. Чемпионаттың бірінші күні Қазақстан құрамасының қоржынына бір күміс медаль түсті. Оны байдарка жалғыз дисциплинасында Екатерина Таранцева 104.82 нәтижесімен жеңіп алды. Ол мәреге екенші болып жетті. Азия чемпионаты 17 тамызға дейін болады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА    

    Read More »

    World Boxing: Қазақстан жастары құрмет тұғырына көтерілді

    Бүгін Таиландтың астанасы — Бангкок қаласында жаңадан құрылған Бүкіләлемдік бокс ұйымының (World Boxing) ұйымдастыруымен өткен 22 жасқа дейінгі жастар арасында Азия чемпионаты аяқталды. Бұл дүрмекті додада Қазақстан құраамсының ерлер және қыздар командалары 9 медальді иеленді. Олардың бесеуі алтын жүлде болса, төртеуі  күміс медаль. Нұрислам Қалдыбаев (60 кг), Санжарәли Бегалиев (80 кг), Темірлан Мұқатаев (90 кг), Гүлназ Бөрібаева (48 кг) мен ...

    Read More »

    Балуандар Афинадан 11 жүлдемен келе жатыр

    Грекияның Афина қаласында күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 11 медаль жеңіп алды. Грек-рим күресінде Жаңажол Қуанышбек 45 кеилоға дейінгі салмақта чемпион атанса, күміс жүлдені Нұрдәулет Құмарұлы (48 килоға дейін) мен Нұралы Асқар (55 килоға дейін) иеленді. Шамиль Досбол (65 килоға дейін) мен Марлен Мейірбекұлы (71 килоға дейін) қола жүлдені қанағат тұтты. Қыздар арасында Мадхия ...

    Read More »

    Грек-рим күресінен ӘЧ: Қазақстан балуандары тағы екі жүлде алды

    Грекияның астанасы — Афина қаласында грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір күміс, бір қола жүлде түсті. Бұл жолы Асқар Нұрәли (55 кг) күміс жүлдегер атанса,  Шамил Досбол (65 кг) қола медальді иеленді. Бұған дейін осы дүрмекті додада Нұрдәулет Құмарұлы (48 кг) финалда қарсыласынан жеңіліп, екінші орын алған еді. Енді Жаңажол ...

    Read More »

    Қазақстан қоржыны жеті жүлдемен толықты

    Бүгін Алматыда  үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирі мәресіне жетті. Бұл жарыста отандастарымыз  екі күміс және бес қола медаль жеңіп алды. Оған Азия, Африка, Америка, Еуропадан 235 спортшы қатысты. Турнирде мына спортшылар жүлдегенлер қатарынан көрінді. 2-орын Алан Құрманғалиев (жаттықтырушысы — Эльмира Алиева, Қарағанды). 2-орын Злата Стадник (жаттықтырушысы — Татьяна Ким, Қарағанды). 3-орын Қарақат Мейрхан (жаттықтырушысы Бауыржан Шайхин, Семей қ.). 3-орын Аделя Әлжанова (жаттықтырушылары — Ернар Ыбырай, Дмитрий Переверзев, Қызылорда). 3-орын Нұрдәулет Азаматұлы (жаттықтырушысы — ...

    Read More »