• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Шымкент

    Шымкентте бәйгеден Қазақстан чемпионатының екінші кезеңі өтті

    Бүгін Шымкент қаласындағы ипподром алаңында бәйгеден Қазақстан чемпионатының екінші кезеңі өтті, деп хабарлады Halyq Uni. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы баспасөз қызметінің мәліметінше, жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаев, ҚР «Бәйге» федерациясының президенті Қанат Көпбаев арнайы қатысқан. Бәйге — халқымыздың қанына сіңген спорт түрі. Бұл қазақ халқының ұлттық мәдениетінің өзіне тән ерекшелігі. ...

    Read More »

    Жас теннисшілер әлем чемпионатына жолдаманы сарапқа салады

    Шымкент қаласында 1-13 мамырда 16 жасқа дейінгілер арасында теннистен әлем чемпионатының іріктеу жарысы өтеді. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады. Әлем чемпионатына жолдама үшін қыздар арасында Қазақстан, Австралия, Тайбэй, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Малайзия, Иран, Жапония, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Моңғолия, Жаңа Зеландия, Таиланд, Өзбекстан, Вьетнам құрамалары кортқа шығады. Бозбалалар арасында Қазақстан, Австралия, Малайзия, Пәкстан, Сингапур, Тайбэй, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Иран, Жапония, ...

    Read More »

    Жүлде қоры – 75 миллион теңге: Шымкентте республикалық этно фестиваль өтеді (КЕСТЕ)

    20 – 22 наурыз аралығында Шымкент қаласында ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын тойлау және жаңа ипподромның ашылуы аясында GREAT QAZAQ GAMES республикалық этнофестивалі өтеді. BIG QAZAQ GAMES – көшпенділердің ұлттық коды негізіндегі олимпиаданың аналогы. Бұл туралы halyq-uni.kz хабарлады. Жобаның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, өскелең ұрпаққа насихаттау, бабалар аманатының ғасырдан ғасырға жетуіне ықпал ету, Әділетті Қазақстанның әрбір азаматының өнерін, қабілетін бағалау, ...

    Read More »

    Шымкентте жаңа стадион салынады

    Шымкент қаласында жаңа стадион және арнайы қонақ үйі бар әмбебап спорт кешені салынады. Жаңа спорт кешеннің жұмыстары 2020 жылы басталған. Оның құрылысы осы жылдың соңына дейін аяқталады делініп отыр.  Жобаның жалпы құны — 4 миллиардқа жуық теңге. Спорт кешенінде әкімшілік-шаруашылық корпусы, жекелей және командалық спорт түрлеріне арналған арнайы залдар, қонақүй және 1500 адамға арналған шағын алаң болады. Соның ішінде  стадион 33 ...

    Read More »

    Artsport: Шымкентте шенеунікке айыппұл салынды

    Шымкентте «Artsport» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлердің алдында берешектің болуына жол берген мәдениет басқармасының басшысы жазаланды. Шымкент қаласының прокуратурасы қалалық мәдениет басқармасы тарапынан «Artsport» бағдарламасы аясында қызмет көрсеткен 159 кәсіпкердің 600 млн теңгеден аса берешегі бар екенін, әкімдік тарапынан оны өтеуге шара қолданбай жатқанын анықтады. Бұл ретте кәсіпкерлерге берешектерді қайтару туралы қала әкімдігіне прокурорлық қадағалау актісі (заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыным) енгізілді. ...

    Read More »

    Шымкентте қазақ күресінен Балуан Шолақ атындағы клуб ашылды

    Бүгінгі күні қазақ күресінің қарқынды дамып келе жатқанын көре отырып көңілді қуаныш кернейді. Өйткені, ұлттық күресіміз Біріккен күрес Одағының (UWW)  құрамына мүше болып енгелі бері cпорттың осы түрінен әлемнің әр түкпірінде жарыстар ұйымдастырылып, қазақ күресіне деген қызығушылық артып келеді. Әрине, елімізде әлі де қазақ күресін дамыту үшін жасалынатын көптеген іргелі істер көп. Солардың бірі спорт ғимараттарын көптеп ашып, жас ұрпақтың ...

    Read More »