17 жастағы теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жасөспірімдер арасында әлемнің 4-ракеткасы Омарханов екінші айналымда аустралиялық Юмерали Ибраимиді жарыс жолынан шығарды. Қазақстан теннисшісі бірінші партияда 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте есеп 5:2 болған кезде матчқа доп бергенімен, сол мүмкіндігін мүлт жіберді. Дегенмен ойынды тағы бір брейкпен тәмамдады. Есеп ...
Read More »Tag Archives: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстан алғаш рет United Cup турнирінің жартылай финалына шықты
Аустралияда өтіп жатқан United Sup турнирінде Қазақстан құрамасы Германияны жеңіп, жартылай финалға шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Екінші жекелей сында Германиядан әлемнің 2-ракеткасы Александр Зверев ойнамай қалды да, оның орнына рейтингіде 254-орындағы Даниэль Мазур шықты. Мазур бірінші партияда Александр Шевченкодан 7:6 (7:5) есебімен басым түсті. Дегенмен осыдан кейін қазақстандық теннисші камбэк жасай білді. Есеп — 6:2, 6:2. Осылайша, есеп ...
Read More »Әмір Омарханов АҚШ-тағы әлемдік жарыстың жеңімпазы атанды
Қазақстанның 18 жасқа дейінгілер арасында бірінші ракеткасы Әмір Омарханов жұптық сында АҚШ-тың Флорида штатында өткен ITF Juniors J500 Orange Bowl турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол ресейлік Тимофей Дерипаскомен бірге 18 жасқа дейінгілер арасында үздік шықты. Бұл жұп финалда швейцариялық Анри Берно мен чехиялық Денис Петакпен бас жүлдені сарапқа салды. Омарханов – Дерипаско камбэкпен жеңіске жетті. Есеп ...
Read More »Қазақстан төрешілері WTA 250 турнирлерінің финалында қазылық етті
Меруерт Каукеева мен Юлия Игнатченко WTA 250 турнирлерінің финалында мінбеде қазылық етті, деп хабарлады ҚТФ. Игнатченко Гонконгта WTA 250 жарысының соңғы бәсекесінде Диана Шнайдер мен Кэти Бултер ойынында төреші болды. Ал Каукеева Цзюцзяндағы (Қытайда) дәл осындай доданың финалында Виктория Голубич пен Ребекка Шрамкованың матчына қазылық жасады. Қазақстан теннис федерациясы 2009 жылдан бері төрешілер мектебін дамытуға күш салып келеді. Осы кезеңде ...
Read More »Путинцева WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды
Теннисші Юлия Путинцева Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өткен WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Финалда теннисші дүниежүзілік рейтингіде 190-орында тұрған Аустралия өкілі Айла Томляновичті 6:1, 7:6(8) есебімен жеңді. Бірінші партияда Путинцева үш брейк жасап, партияны 6:1 есебімен аяқтады. Екінші партияда да 2:0 есебімен алға шыққанымен, оның қарсыласы дес бермеді. Енді Айла Томлянович 5:3 есебімен алға шықты. Дегенмен ...
Read More »Астанада алғаш рет Азия теннис федерациясының директорлар кеңесі бас қосты
Астанада алғаш рет Азия теннис федерациясы директорлар кеңесінің жиыны болды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Оған Қытай, Үндістан, Корея Республикасы, Өзбекстан, Камбоджа, Пәкстан, Түркменстан, БАӘ, Сауд Арабиясы, Малайзия, Сингапур, Гонконг, Иорданияның өкілдері қатысты. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе инфрақұрылымды жақсарту, екіншісі, жаттықтырушылардың әлеуетті арттыру және үшінші мәселе теннисті қаржыландыруға арналды. Елімізде теннис спортын дамыту үшін Азия теннис федерациясының ...
Read More »Теннистен әйелдер құрамасының капитаны ауысты
Қазақстан теннис федерациясы басшылығының шешімімен әйелдер құрамасына Юрий Щукин жетекшілік ететін болды, деп хабарлады Rraketkasi. Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасына Ярослава Шведова басшылық етіп келген болатын. Шведова 2020 жылдың ақпанынан 2021 жылдың сәуіріне дейін әрі капитан, әрі ойыншы ретінде қызмет атқарды. Кейін капитандыққа біржола ауысты. Кейінгі жылдары әйелдер құрамасында Юрий Щукин көмекші жаттықтырушы ретінде жұмыс істеді. Ол сондай-ақ 2020 жылдың ...
Read More »Қазақстанның екі жас теннисшісі үздік шетелдік ойыншы атанды
Еліміздің екі жас теннисшісі 14 жастағы Ева Корышева мен 16 жастағы Даниэль Тазабеков Tennis Europe сериясы бойынша 2023 жылдың үздік шетелдік ойыншысы атанды. Олар Еуропа теннис қауымдастығынан (Tennis Europe Tour) «Жылдың үздік ойыншысы» (Еуропалық одақ елдерінен емес) сыйлығына ие болды. Е.Корышева биылғы жылды Ыстанбұл турниріндегі жеңісімен бастады. Содан кейін ол Бельгияда бірінші санаттағы жарыста үздік шықты. Ева Tennis Europe рейтингінде ...
Read More »Азия теннис федерациясының басшысы болып Қазақстан азаматы сайланды
Юрий Польский алдағы 4 жылға Азия теннис федерациясының (ATF) президенті болып сайланды. Сайлау Таиландтың Бангкок қаласында өткен ATF бас сессиясы аясында болды, деп хабарлады Olympic.kz. Сайлауда Таиланд, Жапония және Шри-Ланкадан тағы үш үміткер ATF президенті болуға үміткер болды. Онда Юрий Польский ең көп дауыс жинады. Енді Юрий Польский ATF президенті қызметімен бірге Азия теннис федерациясының директорлар кеңесін басқарады. Бұл жерде ...
Read More »Болат Өтемұратов Теннис федерациясының президенті болып қайта сайланды
Астана қаласында Қазақстан теннис федерациясының жыл сайынғы конференциясы болып жатыр. Осы жиында конференцияның делегаттары мен федерация филиалдарының өкілдері Болат Өтемұратовты алдағы төрт жылға Қазақстан теннисі ұйымының басшысы етіп сайлады, деп хабарлады Теннис федерациясы. Болат Өтемұратов 2007 жылдан бері федерацияға жетекшілік етіп келеді. Бүгінде елде 48 қазіргі заман сай жасалған теннис орталықтары болса, ондағы 364 корттың басым бөлігі – жабық корттар. ...
Read More »