• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Қазақстан чемпионаты

    Қазақстан чемпионатына кәсіпқой боксшы да қатысып жатыр

    Кәсіпқой бокста шаршы алаңға шығып жүрген Талғат Шайкен Қарағандыдағы Қазақстан чемпионатына қатысып жатыр. Ол 71 келі салмақта рингке шығып, алғашқы жекпе-жегінде Алинұр Өмірбекпен қолғап түйістірді. Бұл жекпе-жекте үш раунд қорытындысы бойынша Талғат Шайкен төрешілер шешімімен жеңді. Енді ол 20 желтоқсанда Мадияр Тәжібаевпен жұдырықтасады. Талғат Шайкен кәсіпқой бокста өткізген тоғыз жекпе-жектің бәрінде жеңіп, оның бесеуін нокаутпен аяқтаған.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Экс-ресейлік Самоделкина Қазақстан чемпионы атанды (ВИДЕО)

    Қарағандыда мәнерлеп сырғанаудан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты болды. Ерлер арасындағы жекелей сында Диас Жіренбаев чемпион атанды. Екінші орынды Никита Кривошеев иеленсе, қола жүлдені Артур Смағұлов жеңіп алды. Әйелдер арасында Софья Самоделкина ел чемпионы атанды. Екінші орынды Зере Сарбалин иеленсе, үшінші орынды София Фарафонова қанағат тұтты.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА   Посмотреть эту публикацию в Instagram   Публикация от Home of ...

    Read More »

    Бүгін бокстан Қазақстан чемпионаты басталады

    Бүгін Қарағанды қаласындағы Серік Сәпиев орталығында бокстан Қазақстан чемпионаты басталады. Чемпионат 24 желтоқсанға дейін болады. Оған барлығы 200-ге жуық әйел мен 250-ден астам ер адам қатысады. Қазақстан бокс федерациясы өзінің Instagram парақшасында бүгін Сырымбетов, Теміржанов, Зейнуллинов, Төлтаев, Аққалықов пен басқа да боксшылардың шаршы алаңға шығатынын хабарлады.  

    Read More »

    Жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды

    Бүгін Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлады olympic.kz. Таңғы бағдарлама аясында алғашқы медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Спорттық жүрістен алматылық Ясмина Тоқсанбева топ жарды. Екінші орынды Галина Якушева (ШҚО), үшінші орынды Эльмира Калимуллина (Алматы) жеңіп алды. Ерлер арасында Алматы қаласының тұрғыны Виталий Терехин жеңіске жетті. Балға лақтырудан Анастасия Калошина (ШҚО) чемпион атанды, Диск лақтырудан ерлер арасында Евгений Миловацкий (Маңғыстау ...

    Read More »

    Гимнасшы Елжаңа Таниева көпсайыстан Қазақстан чемпионы атанды

    Астанада көркем гимнастикадан өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында Елжаңа Таниева алтын медальді жеңіп алды. Ол көпсайыс қорытындысы бойынша чемпион атанды. Күміс жүлдені Милана Парфилова, қола медальді Айбота Ертайқызы иеленді. Елжаңа Таниева биыл Азия чемпионы атанып, Париж Олимпиадасына жолдама алған болатын. Айбота Ертайқызы да Азия чемпионатында таспамен жаттығуда алтын медальді жеңіп алған еді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Премьер-лига: «Шахтер» жаңа жаттықтырушымен жеңіске жетті

    Футболдан Премьер-лиганың төртінші туры жыл сайын жер-жүзі бойынша 6 сәуір күні тойланатын Халықаралық спорт күнімен тұспа тұс келді. 4-тур екі күнге созылып, қызықты да тартысты болды. Бұл турда жалпы саны 9 гол соғылды. Ойындарға қысқаша шолу жасап өтейік. «Қызылжар» — «Жеңіс» 4:0 Турдың алғашқы ойыны Петропавл қаласында болды. Бұл матчта Қызылжардың фаворит болғаны анық, алайда ірі есеппен жеңіске жетеді деп ...

    Read More »

    Сеньор — ардагер шахматшылардың чемпионаты

    Қазір дүниежүзілік ФИДЕ бойынша шахматтан ардагер — сеньорлар жарысын жыл сайын өткізу қолға алынған. Осыған орай Қазақстан біріншілігі сәуір айының 20-сынан кейін Петропавл қаласында өтеді. Онда чемпион болған шахматшы әлем біріншілігіне, ал екінші орын алған жүрдегер Азия бірігіншілігіне қатысуға жолдама алады. Бұған дайындық ретінде Астана мен Павлодар қалаcында жарыс өткізу бұрын да қолға алынған. Ал Алматы қаласында сайыс бірінші рет ...

    Read More »

    Нысана көздеуден Қазақстан рекорды жаңарды

    Шымкент қаласында нысана көздеуден жасөспірімдер арасында (2003 және одан кейінгі жылдары туғандар арасы) өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында жаңа рекорд тіркелді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құрама спортшысы Елизавета Безрукова 10 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден Қазақстан рекордын жаңартты. Ол іріктеу кезеңінде 632.7 ұпай жинады. Екінші сатыға ұлттық құраманың тағы бір өкілі Александра Ле (630.2 балл) ...

    Read More »

    Астанада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты аяқталды

    Астанада күрес түрлерінен ел чемпионаты мәресіне жетті. 1-2 ақпанда грек-рим күресі балуандарынан кейін бозкілемге әйелдер мен еркін күрес шеберлері шығып, өзара шын мықтыны анықтады. Олар үш күн бойы бозкілемнің шаңын қақты. Бұл чемпионаты Париж Олимпиадасының іріктеу турниріне қатысатын спортшыларды анықтау мақсатында өткізілгендіктен жарыс аса тартысты және қызықты болды. Әйелдер күресінен 10 салмақта 107 балуан сынға түсті.  Онда 50 кг салмақтағы ...

    Read More »

    Астанада грек-рим күресінен ел чемпиондары анықталды

    Астана қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында грек-рим күресінің балуандары екі күн бойы кілемге шығып, өзара чемпиондар мен жүлдегерлерді анықтады. Бұған дейін ел чемпионатында 55, 63, 72, 82 және Олимпиада бағдарламасына кіретін 97 келі салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салып, шын мықтылар құрмет тұғырының ең биік сатысына кқтерілген еді. Енді міне, 60, 67, 77, 87 және 130 кг салмақ дәрежесіндегі ...

    Read More »