Қазақстан құрамасы Сенегалдың Дакар қаласында өткен IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасындағы жарыстарын аяқтады. Жарыс қорытындысы бойынша отандастарымыз екі алтын, үш күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Дзюдодан 52 келіге дейінгі салмақта Фатима Сұпығалиева, ал тасжолдағы велоспорттан жекелей уақытқа жарыста Әнел Тәшбай Олимпиада чемпионы атанды. Боксшылар Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін) мен Бибарыс Әшірбай (70 келіге дейін) Қазақстан қоржынына күміс медаль ...
Read More »Tag Archives: Қазақстан
Қазақстан садақ атудан Азия кубогінде топ жарды
Ирактың Сүлеймания қаласында садақ атудан Азия кубогі жолындағы жарыс аяқталды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитеті. Аталған жарыста ұлттық құрама он медаль жеңіп алды. Оның үшеуі алтын, бесеуі күміс және екеуі қола жүлде. Блоктық садақ атудан жекелей сайыста Павел Кузнецов алтын жүлде алса, Никита Ивлев күміс медальға ие болды. Әйелдер арасындағы жекелей бәсекеде Милана Бурлева екінші орын алды. Классикалық садақ атудан ...
Read More »Пара Азиада: Қазақстан волейболдан күміс жүлдені иеленді
Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында волейболды отырып ойнаудан Қазақстан ұлттық құрамасы күміс медаль иеленді. Финалда ұлттық құраманың спортшылары Иран командасымен ойнап, 0:3 есебімен жеңілді. Ал қола жүлдеге Ирак құрамасы ие болды. Қазақстан командасы жарысты жақсы бастаған еді. Алғашқы ойында отандастарымыз Таиланд құрамасын жеңген болатын. Одан кейін Иранмен ойнап, 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Ал жартылай финалда Ирак ...
Read More »Бүгін V Азия Пара ойындарының жарыстары басталады
Бүгін Жапонияның Нагоя қаласында V Азия Пара ойындары аясындағы алғашқы жарыстар басталады. Қазақстан спортшылары пара үстел теннисінен жекелей сында бақ сынайды. Жарыстың алғашқы күні пара үстел теннисінен 32/1 финалдағы ойындар болады. Еліміз атынан Марат Суртубаев, Алтынай Ержанқызы, Александра Степанова, Антонина Рогова мен Ардақ Нұрмағамбетов жарыс жолына шығады. Жарысты «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады. Азия Пара ойындары 18–24 қазан аралығында ...
Read More »Қазақ балуандары АҚШ-та әлем чемпионы атанды
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында еліміз үшін тарихи оқиға болды. Бұл дүрмекті додада Айбек Айтбеков пен Юсуф Ашрапов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды. Сөйтіп, Қазақстан балуандары U23 әлем чемпионаты тарихында алғаш рет бір жарыста екі алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, Темірлан Тұрдақын финалға шығып, Джохар Узаров қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. ...
Read More »Спортшылар V Азия Пара ойындарына аттанып барады
Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде Қазақстанның ұлттық командасын V Азия Пара ойындары – Аичи-Нагоя 2026 жарыстарына шығарып салуға арналған салтанатты рәсім өтті. Бұл дүрмекті дода 18-24 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді. Салтанатты іс-шараға Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Ұлттық паралимпиада комитетінің өкілдері, спорт ардагерлері, жаттықтырушылар, қоғам қайраткерлері мен басқа да құрметті қонақтар қатысты. Іс-шараның ...
Read More »Азия пара ойындарына 150 спортшы аттанады
18-24 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында тірек-қимыл аппараты, көру қабілеті зақымданған және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында V Азия пара ойындары өтеді. Додаға 45 елден 4 мыңға жуық спортшы қатысып, спорттың 18 түрінен 502 медальды сарапқа салады. Еліміздің ұлттық құрамасы сапындағы 150 ойыншы спорттың 12 түрі бойынша өнер көрсетеді, 1 командалық, 11 жекелей спорт түрінен ел ...
Read More »Жасанды интеллект денсаулық сақтау саласын өзгертеді
Алматыда STADA фармацевтика компаниясы адамдардың өз денсаулығына деген көзқарасы мен денсаулық сақтау саласындағы өзгеріске арналған STADA Health Report 2026 халықаралық зерттеуінің нәтижесін таныстырылды. Жасанды интеллектінің қарыштап дамуы — биылғы жылдың басты үрдістерінің біріне айналды: Қазақстан халқының 71%-ы оны денсаулық мәселесінде пайдаланады. Ал зерттеуге қатысушылар арасындағы орташа көрсеткіш — 55%. Сонымен қатар Қазақстан ЖИ көмегімен медициналық кеңес алуға дайындық деңгейі бойынша ...
Read More »Қазақстан семсерлесуден әлем кубогына қатысады
Қазақстан құрамасы семсерлесуден 15-18 қазан аралығында Марокконың Касабланка қаласында өтетін әлем кубогының кезеңіне қатысады. Халықаралық жарыста отандастарымыз шпагадан ерлер мен әйелдер арасында жекелей және командалық сайыстарда сынға түседі. Ерлер арасындағы жекелей сайыста ел намысын Нұржан Әбжанов, Эльмир Әлімжанов, Александр Федотов, Алексей Касаткин, Аңсар Қасен, Руслан Курбанов, Богдан Лукин, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов пен Георгий Тинников қорғайды. ...
Read More »Олимпиада мен Паралимпиаданың эмблемалары таныстырылды
2032 жылы Аустралияның Брисбен қаласында өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ресми эмблемалары таныстырылды. Эмблемалардан елдің табиғаты мен мәдениетіне тән ерекшеліктерді көруге болады. Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметіне қарағанда, эмблемалардың басты бейнесі — Аустралияда мекендейтін какадудың екі түрі. Олимпиаданың символы ретінде қызғылт какаду, ал Паралимпиаданың символы ретінде сары айдарлы какаду таңдалған. «Дизайнда басқа да нышандар көрініс тапқан. Құстардың айдарларынан Квинсленд штатының сұлбасын ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары