• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: қола жүлде

    ТМД II ойындары: Қазақстан қоржынына 1 күміс, 3 қола жүлде түсті

    Беларусь Республикасында өтіп жатқан ТМД ойындарының бесінші күні Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан 1 күміс және 3 қола жүлдені иеленді. Күміс жүлдені 600 метрге жүгіруден 1,25,56 уақытпен Дмитрий Спаский алса, Ангелина Шрубянец 60 метрге кедергілермен жүгіруден 9,18 уақытпен және ұзындыққа секіруден Андрей Ким 5,97 көрсеткішпен қола жүлдегер атанды. Сонымен бірге жарыста 4х200 метр аралас эстафетадан құрамында Юлия Демкина, Ангелина Шрубянец, Андрей ...

    Read More »

    ХХХІ Универсиада: Қазақстан спортшылары табыспен оралды

    Қытайдың Ченду қаласында ХХХІ жазғы Универсиада өз мәресіне жетті. Дүниежүзілік ойындарға ел намысын спорттың 11 түрінен 93 спортшы студент қорғады. 118 елден келген 7500 спортшы қатысқан дүбірлі додада Қазақстан құрамасы 2 алтын, 7 күміс және 11 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 20-орыннан көрінді. 2019 жылы Италияда өткен Универсиадада отандастарымыз 1 алтын, 5 күміс және 1 қола жүлдемен 25-орын алып еді. Биыл ...

    Read More »

    ТМД II ойындары: Қазақстан қоржынана алты қола жүлде түсті

    Беларусь астанасы — Минск қаласында өтіп жатқан ТМД-нің II ойындарының үшінші күні Қазақстан қоржынына алты қола жүлде түсті. Атап айтар болсақ , дзюдо күресінен Алдияр Саин (90 кг) мен Әлихан Назымханов (+90 кг), жеңіл атлетикадан Ангелина Шрубянец (60 метр), Дмитрий Спаский (2000 метр), Алиса Исаева (ұзындыққа секіру) және көркем гимнастикадан қыздар құрамасы ТМД ойындарының қола жүлдегері атанды. Үшінші күннің қорытындысы ...

    Read More »

    Универсиада: Елжаңа Таниева күміс және қола жүлдегер атанды

     Гимнастшы Елжаңа Таниева Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан Универсиадада Қазақстан құрамасына бір күміс, бір қола жүлде жеңіп алды. Ол доп және таспа жаттығуында күміс жүлдені, шығыршық жаттығуында қола жүлде иеленді. Сөйтіп, доппен ойын көрсету сайысында екінші орынға ие болды. Ал бірінщі және үшінші орынды Венгрия мен Украинаның спортшылары жеңіп алды. Одан басқа Универсиадада садақшы Диана Тұрсынбек финалда оңтүстіккореялық Чой Ми ...

    Read More »

    Су спорты: Эдуард Ким әлем чемпионатының финалына шықты

    Жапонияның Фукуока қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында артистік жүзудің еркін бағдарламасында өнер көрсеткен Эдуард Ким финалға шықты. 18 шілдеде өткен іріктеу сынында Эдуард 173.0499 ұпаймен екінші орын алып, финалға жолдама алды. Бірінші орында АҚШ спортшысы Кеннет Годе. Үздік үштікті түйіндеген ұлыбританиялық Рандзю Томблин. Финалдық сайыс бүгін, 19 шілдеде болады. Бұл жарыс Астана уақытымен Qazsport арнасынан 17.05-те басталады. ...

    Read More »

    Еркін күрес: Қазақстан құрамасы турнирде 9 медаль алды

     Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының балуандары Испанияның Мадрид қаласында еркін күрестен өткен халықаралық Гран-при турнирінде 9 жүлдені жеңіп алды. Ұлттық құраманың балуандары 4 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль алып, жалпы командалық есепте екінші орынды иеленді. Атап айтқанда, Бекарыс Мейрамбек (55 кг), Бақытжан Қабыл (60 кг), Аманбек Алматбек (67 кг), Дамир Тұрсынов (82 кг) турнирдің жеңімпазы атанса, 55 келіде күрескен ...

    Read More »

    Жекпе-жек: Қазақстан құрамасы 21 алтын жүлде алды

    16-18 маусымда Астана қаласының Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында VII әлем чемпионаты өтті. Ол Қазақстан құрамасының жарқын жеңісімен аяқталды. Қазақстан жекпе-жек шеберлері 21 алтын, 19 күміс, 21 қола медаль жеңіп алды.   Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, әлем чемпионатының алтын жүлдесін елімізге  Медет Қожбанов, Ердәулет Жеңіс, Ілияс Мұхамадиев, Мади Райхан, Дәулет Темірханов, Сергей Вальтер, Мақсат Бекмұханбетов, Тимур Шалов, Бақытбек Баймұханбетов, Қайрат ...

    Read More »

    Дзюдо: Сұңғат Жұбатқан турнирде қола жүлдегер атанды

    Тәжікстанның астанасы – Душанбе қаласында дзюдодан Гран-при турнирі өтіп жатыр. Ұлттық құрама спортшысы Сұңғат Жұбатқан 66 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды. Ол алғашқы белдесуінде Израиль дзюдошысын, екінші айналымда тәжікстандық Нұрали Эмомалиді ұтты. Алайда ширек финалда ресейлік Мурад Шопановқа есе жіберді. Одан кейін жұбаныш белдесуінде Ұлыбритания балуанын жеңіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. Бұл белдесуде ол испаниялық Адриан Нето ...

    Read More »

    Нилуфар РАЙМОВА: «Алғаш рет ересектер арасында үшінші орын алып тұрмын»

    Нилуфар Раймова қырғыз өкілі Бермет Нуридинқызын Азия чемпионатының қола жүлде үшін белдесуінде жеңіп, жүлдеге ие болды. Қазақстан әйелдер құрамасында үшінші қола медаль алған Нилуфар Раймова жарыстан кейін сұхбат берді. — Алғашқы белдесуімде тайпэйлік Ю Ченг Хангпен кездестім. Бірінші кездесуім болғасын қиындау болды. Ауыр болды. Оны 6:5 есебімен жеңдім. Бірінші кездесу бәріне қиын болады. Екінші қарсыласым өзбекстандық Ләйла Сабировамен бұрын кездеспегенмін. ...

    Read More »

    Эрика Жайлауова халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды

    Болгарияның астанасы – София қаласында көркем гимнастикадан халықаралық турнир өтіп, Қазақстан құрамасының мүшесі Эрика Жайлауова жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады. Жас гимнастшысы Эрика Жайлауова лентамен қорытынды жаттығуларда 29 350 ұпай жинап, көркем гимнастикадан халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды. Астаналық спортшы үйірмелер мен доппен жаттығулардан да бесінші орын алды. Қазақ гимнастының халықаралық аренада жүлде алуы бірінші рет ...

    Read More »