• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: қола жүлде

    Нилуфар РАЙМОВА: «Алғаш рет ересектер арасында үшінші орын алып тұрмын»

    Нилуфар Раймова қырғыз өкілі Бермет Нуридинқызын Азия чемпионатының қола жүлде үшін белдесуінде жеңіп, жүлдеге ие болды. Қазақстан әйелдер құрамасында үшінші қола медаль алған Нилуфар Раймова жарыстан кейін сұхбат берді. — Алғашқы белдесуімде тайпэйлік Ю Ченг Хангпен кездестім. Бірінші кездесуім болғасын қиындау болды. Ауыр болды. Оны 6:5 есебімен жеңдім. Бірінші кездесу бәріне қиын болады. Екінші қарсыласым өзбекстандық Ләйла Сабировамен бұрын кездеспегенмін. ...

    Read More »

    Эрика Жайлауова халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды

    Болгарияның астанасы – София қаласында көркем гимнастикадан халықаралық турнир өтіп, Қазақстан құрамасының мүшесі Эрика Жайлауова жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады. Жас гимнастшысы Эрика Жайлауова лентамен қорытынды жаттығуларда 29 350 ұпай жинап, көркем гимнастикадан халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды. Астаналық спортшы үйірмелер мен доппен жаттығулардан да бесінші орын алды. Қазақ гимнастының халықаралық аренада жүлде алуы бірінші рет ...

    Read More »

    Нысана көздеуші Александра Ле Әлем кубогының қола жүлдегері атанды

    Бүгін Үндістанның Бхопал қаласында винтовка және тапаншамен нысана көздеуден өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде Александра Ле қола медальге ие болды. Ол әйелдер арасында10 метрден пневматикалық винтовкамен оқ атудан 261.2 ұпай жинады. Бұл жарысқа әлемнің 31 елінен 208 таңдаулы спортшы жиналды. Оған елімізден 18 спортшы қатысуда. Әлем кубогының кезеңі 27 наурызда аяқталады. Жарыс Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында болып жатыр.   Шамкен БАЙЫРБЕК, ...

    Read More »

    Елжаңа Таниева Әлем кубогында қола жүлдегер атанды

    Қазақстандық гимнастшы Елжаңа Таниева Грекияның астанасы – Афина қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды. Ол төрешілер тарапынан 31.550 ұпай алып, үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар, Елжаңа Таниева таспа финалында өнер көрсетіп, жүлделі орынға бір қадам жетпей, төрітнші орынды қанағат тұтты. Елжаңа Таниева жақында ғана Испанияда өткен Әлем кубогы кезеңінде ұршықпен жаттығудың шешуші сынында жетінші орынды иеленген еді. ...

    Read More »

    Гимнастшы Елжаңа Таниева Гран-придің қола жүлдегері атанды

    Гимнастшы Елжаңа Таниева Испанияның Марбелья қаласында өткен Гран-при турнирінде қола жүлдегер атанды. Ол доп жаттығуының финалында 32.900 ұпаймен үшінші орын алды. Бірінші және екінші орынды Болгариядан келген Стиляна Николова (35.700) мен Ева Брезалиева (33.600) иеленді. Осы Гран-придің басқа түрлерінен Елжаңа Таниева ең мықты 8 гимнастшының қатарына енді. Ол құрсаумен 6-орын, ұршықпен 7-орын алды. 26 ақпанда Таниева Эстонияда өткен Гран-при турнирінде күміс ...

    Read More »

    Х Азия чемпионаты: Ақбаян Нұрмамет соңғы сәтте қола жүлдені жеңіп алды

    Астана қаласында жеңіл атлетикадан өтіп жатқан жабық кешендегі Х Азия чемпионатында 18 жастағы отандасымыз Ақбаян Нұрмамет 1500 метрге жарыста қола жүлде жеңіп алды. Бұл қашықтықты ол 1.06.04 секундта жүгіріп өтті. Үздік нәтижені 26 жастағы вьетнамдық Нгуен Тхи Оан көрсетіп, алтын медальді жеңіп алды. Күміс жүлдені жапониялық Юме Гото иеленді. Тағы бір қазақстандық Мадина Керімова мәреге бесінші болып жетті (4:24.09 секунд). Қазір ...

    Read More »

    Қазақстан балуандары Grand Slam турнирінде екі жүлдені жеңіп алды

    Францияның Париж қаласында дзюдодан өткен әлемдік Grand Slam турнирінде Қазақстан балуандары екі медальлі жеңіп алды. Әйелдер арасында 48 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде Әбиба Әбужақынова қола медальға ие болды. Ол жұбаныш финалында Оңтүстік Корея спортшысы Ли Хе Кенгті жеңді. Ерлер арасында 73 килоға дейінгі салмақта күш сынасқан отандасымыз Данияр Шамшаев та үздік үштіктен көрінді. Ол қола жүлде үшін күресте тәжірибелі канадалық Артур Маргелдионды ұтты. Grand ...

    Read More »

    Конькиші Надежда Морозова Әлем кубогынан қола жүлде алды

    Надежда Морозова конькимен жүгіруден Канаданың Калгари қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының 4-кезеңінде мәре сызығын үшінші болып қиды. Жарыстың екінші күнінде Надежда Морозова 1500 метрге жарыста мәреге үшінші болып келді. Ол тек жапон Михо Такаги мен нидерландтық Антуанетта Рийпма-де Йонгті ғана алға жіберіп алды. Бір апта бұрын отандасымыз Калгариде өткен 3-кезеңде 1500 метрде Надежда күміс жүлде алған еді. Ал одан бұрын ...

    Read More »

    Конькиші шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінің қола медалін алды

    Денис Никиша Алматыда өтіп жатқан шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдесін жеңіп алды. «Денис Никиша әлем Кубогының қола жүлдегері! Спортшымыз 500 метр қашықтықта үздік үштікті түйіндеп, ел қоржынына бұл жарыстың алғашқы жүлдесін түсірді. Ертең Денис 500 метр қашықтықта тағы да жүлде үшін таласқа түседі», —  делінген хабарламада.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Парабиатлон: Александр Герлиц қола жүлдегер атанды

    Әлем кубогының бірінші кезеңінде Александр Герлиц парабиатлоннан 12,5 шақырым қашықтықты 43 минут 59 секундта жүріп, қола жүлдеге ие болды. Жарыста канадалық спортшы Арендз Марк осы қашықтықты 39 минут 20 секундта жүріп өтіп, мәреге бірінші болып келді. Ал екінші орынға 41.22 нәтижесімен украиналық спортшы Грегорий Вовчунский жайғасты. Парашаңғы мен парабиатлоннан Әлем кубогы үш кезеңде өтеді. Алғашқы кезең Финляндияның Вуокатти қаласында 7 ...

    Read More »