• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: қола жүлде

    IV Параазиада: Қазақстан спортшылары тағы екі жүлде алды

    Ханчжоуда өтіп жатқан Азия Пара ойындарында еліміздің шахматтан (ТҚАЗ) командасы мен спортшы Рахметжан Хамаев пара пауэрлифтингтен қола жүлдені еншіледі. Бұл сында бірінші орынды Индонезия құрамасы, екінші орынды Филлиппин командасы иеленді. Қазақстар құрамасында Әлімжан Аяпов пен Серік Солтанов деген шахиатшылар ойнады. Қола жүлдепара пауэрлифтингтен Рахметжан Хамаевқа бұйырды.Ол 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп,  203 кг зілтемірді  көтерді. Бірінші орындыИордания спортшысы ...

    Read More »

    IV Азия Пара ойындары: Қазақстан екі күнде қоржынға жүлдені толтырды (ВИДЕО)

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Азия Пара ойындарында Қазақстан спортшылары күміс және қола медальдер иеленді. Әуелі  пара дзюдошы Зарина Раифова  70 келі (J2) салмақта күміс жүлдегер атанды. Ол финалда қытай Ван Хуюнға есе жіберді. Одан кейін спорттың осы түрінен 90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Жанбота Аманжол (J2) күміс медаль иегері атанды. Жанбота алтын жүлде үшін күресте  Оңтүстік Корея ...

    Read More »

    Гүлім Құрманбаева — Параазиаданың қола жүлдегері!

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Пара Азия ойындарында пара пауэрлифингтен 45 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен  Гүлім Құрманбаева қола медаль иегері атанды. Осымен Қазақстан Қазақстан спортшыларының қоржыны тағы бір қола жүлдемен толықты. Оның алдында үшінші орынды пара каноэден Максим Богатырев пен Жаңыл Балтабаева жеңіп алған еді. Қазір Қазақстан спортшылары екі алтын, үш күміс және үш қола медальді иеленіп отыр. Алтын жүлдені ...

    Read More »

    Триатлоншы Аян Бейсенбаев Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

    Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Аян Бейсенбаев триатлоннан Ханчжоуда өтіп жатқан Азиаданың қола медалін  иеленді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Бейсенбаевтың жүзуден 1500 метрді бағындырып, велоэтаппен 40 шақырым жүріп өтіп, 10 км жүгіріп шыққандағы уақыты 1:52:25. Байрақты бәсекеде алтын медальді жапондық спортшы Кенжи Ненер (1:50:54) алды, сондай-ақ күміс медаль да Жапониядан келген спортшы Макого  Одакураға(1:51:49) бұйырды.   ФОТО: Туризм және ...

    Read More »

    XIX Азиада: Қазақстанның қоржыны тағы екі қола жүлдемен толықты

      Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында еліміз құрама командасының қоржынына тағы екі медаль түсті. Бұл жолы спортшылар үшінші орын алып, қола медальге қанағат тұтты. Ерлер арасындағы жағажай волейболынан жұптық бәсекеде Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату Иран спортшылары Алиреза Агажанигасаб пен Аббас Поурасгариді 2:0 (25:23, 30:28) есебімен жеңіп, медаль әкелді. Одан кейін таэквондошылар Смайыл Дүйсебай мен Жансель Дениз де үшінші орыннан ...

    Read More »

    XIX Азиада: Қазақстан қоржынына сегізінші жүлде түсті (ВИДЕО)

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Стенд атудың скит бағдарламасында Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды. Ол финалда 45 рет нысананы дәл көздеді. Алтын мен күміс медаль Қытай құрамасы спортшыларының еншісінде кетті. Тағы бір ұлттық құраманың мергені Ольга Панарина финалда 34 ұпаймен төртінші орын алды. ...

    Read More »

    XIX Азия ойындары: Қазақстан үшінші жүлдені алды

    Қытайдың Ханчжоу қаласынан тағы бір қуанышты хабар жетті. Қазақстан спортшылары Азиадада үшінші медальді жеңіп алды. Бұл жүлдені тапаншамен оқ атудан 25 метр қашықтықтағы нысананы дәл көздеген Никита Чирюкин иеленді. Сөйтіп, ол Қазақстан құрамасына екінші қола медальді сыйлады. Ал осы жарыста бас жүлдені қытай спортшысы Ли Юхонг иеленді. Никита Чирюкин 26 ұпай жинады. Никита — көптеген беделді жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері.  Бүгін ...

    Read More »

    Күрестен ӘЧ: Жәмила Бақбергенова қола жүлде үшін күреседі

    Сербия астанасы — Белградта күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында ұлттық құрама команданың мүшесі Жәмилә Бақбергенова қола жүлдесі үшін күресетін болды. Ол 72 кг салмаққа дейінгі сында Моңғолияның өкілі Даваанасан Энх-Амаринға жол берді. Екі спортшы биыл көктемде Астанадағы Азия чемпионатының жартылай финалында күрескенде, Бақбергенованың мерейі үстем болған. Сол кезде ол қарсыласын 11:0 есебімен жеңген еді. Жәмила Бақбергенова  осыған дейін екі ...

    Read More »

    Күрестен ӘЧ: Ризабек Айтмұхан финалға шықты

    Сербияның Белград қаласында ересектер арасында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші күні ел қоржынына алғашқы жүлде түсті. 86 кг салмақта сынға түскен Азамат Дәулетбеков қола жүлде үшін таласта Бахрейн балуанынан басым түсіп, жүлдемен қоса Париж Олимпиадасының жолдамасын алды. Ал 92 кг салмақта күш сынасқан Ризабек Айтмұхан барлық қарсыластарын ұтып, финалға шықты. Жартылай финалда ол осы салмақтағы (92 кг) көшбасшының ...

    Read More »

    Күрестен ӘЧ: Азамат Дәулетбеков пен Өсімжан Дастанбек қола жүлдеге таласады

    Бүгін Сербияның астанасы – Белград қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталды, деп хабарлады ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Париж Олимпиадасының 90 жолдамасы сарапқа салынатын доданы еркін күрес шеберлері бастады. Алғашқы жарыс күні бозкілемге ұлттық құрама сапынан Өсімжан Дастанбек (61 кг), Санжар Досжанов (70 кг), Азамат Дәулетбеков пен аса ауыр салмақтағы Юсуп Батырмурзаев шықты. Былтырғы әлем ...

    Read More »