• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Парадзюдошылар Германиядан бес медальмен келе жатыр  

    Германияның Гейдельберг қаласында Қазақстан спортшылары парадзюдодан өткен әлемдік гран-при сериясында екі алтын мен үш қола медаль жеңіп алды.

    Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлау орталығының хабарлауынша, финалдық белдесуде 48 келіге дейінгі  (J2) салмақта Ақмарал Науатбек Қытай спортшысы Ли Ликингті иппонмен, ал  70 келіден аса (J2) салмақта белдескен Зарина Раифова кубалық Шейла Самарианды вазари әдісімен жеңіп, еліміздің қоржынын қос алтын жүлдемен толтырды.

    Сонымен қатар -73 кг  (J1) салмақта Ерғали Шамей,  +90 (J2) кг салмақта Журкамырза Шүкірбеков және -70 кг (J2) салмақта  өнер көрсеткен Аяла Мереке жарыстың қола жүлдегерлері атанды.

    Парадзюдодан гран-при жарысы 17-18 ақпан аралығында Германияда жалау желбіретті.  Оған 47 мемлекеттен 200-ден астам спортшы қатысты.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *