• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: ұлттық құрама

    EURO-2024: Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияны ұтты (ФОТО)

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінде төртінші рет жеңіске жетті. Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында Финляндиядан жеңілгеннен кейін (0:1) Солтүстік Ирландия командасымен ойнап, 1:0 есебімен ұтты. Матчтың бірінші таймының 27-минутында Максим Самородовтың алыстан тепкен добы ойынның тағдырын шешті Осылайша, ұлттық құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің қыркүйек айындағы циклін аяқтады. Қазақстан ұлттық құрамасы келесі матчтарын сырт алаңда ...

    Read More »

    Финляндияны жеңе аламыз – Магомед Адиев

    Бүгін футболдан 2024 жылы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында өтетін Қазақстан мен Финляндия командаларының матчының қарсаңында ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Магомед Адиев ойын туралы өз ойын айтты. Ол БАҚ өкілдеріне берген шағын сұхбатында Финляндия құрамасының бас жаттықтырушысының жақсы команда жасақтап алғанын, ойыншыларының бәрі сыннан сүрінбей өткен тәжірибелі футболшылар екенін атап өтті. Финляндия оңай қарсылас емес. Оларда шабуылда үш жақсы ойнайтын ...

    Read More »

    Матчқа 100 пайыз дайынбыз! — Асхат Тағыберген

    Қазақстан мен Финляндия командаларының матчы алдында ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Магомед Адиев, команданың ойыншылары Асхат Тағыберген мен Бахтиер Зайнутдинов ойынға 100 пайыз дайын екендерін айтты. Біз матчқа 100 пайызға дайынбыз. Жанкүйерлерімізді жеңіспен қуантқымыз келеді. Біз бұған дейін де ойнадық. Енді Қазақстан құрамасының жанкүйерлерін тағы да қуантамыз деп үміттенеміз. Әрине, ойынға біз дайынбыз. Ертегі атанған Даниямен ойыннан кейін тағы да жеңіске жетеміз ...

    Read More »

    Футболдан Қазақстан құрамасының тізімі анықталды

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев 7 қыркүйекте Финляндия және 10 қыркүйекте Солтүстік Ирландия құрама командаларымен өтетін Еуро-2024 іріктеу матчтарына шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады. Қорытынды тізімге 26 футболшы енді. Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Астана»); Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Александр Марочкин, Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов, Ян Вороговский (барлығы – «Астана»), Еркін ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында жеңіске жетті

    Таиландтың солтүстік-шығысындағы Накхонратчасима қаласында волейболдан әйелдер арасындағы ХХІІ Азия чемпионатының екінші жарыс күні өтіп жатыр. Бүгін D тобындағы 2-турда Қазақстан құрамасы Гонконг командасын 3:0 есебімен жеңді. Матч 25:16, 25:23, 25:17 есебімен аяқталды. Кеше ұлттық құрама Филиппинмен ойнап, тай-брейкте басым түскен. Енді отандастарымыз ертең Қытай құрамасымен топтағы шешуші ойында кездеседі. Жеңімпаз бен жүлдегерлер 6 қыркүйекте анықталады. Биылғы чемпионатқа құрлықтағы 14 ел ...

    Read More »

    Зайнутдинов «Бешикташпен» келіссөз жүргізіп жатыр

    Қазақстан ұлттық құрама командасы мен Мәскеудің ЦСКА клубының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнудтинов Түркияның «Бешикташ» клубымен келіссөз жүргізіп жатыр.  Біздегі бар мәліметке қарағанда, кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланғандай, Бахтиер Зайнутдинов Ыстанбұлдың «Бешикташ» клубымен келісімге әлі келмеген. Футболшының өзі де бұл туралы ештеңе айтпады. Transfermarkt-тің дерегіне қарағанда, Ыстанбұлдың клубы Зайнутдиновты 6 млн еуроға бағалап отыр. Ал ЦСКА түркиялық жасаққа Қазақстан ұлттық құрамасының ...

    Read More »

    Мырзағали Айтжанов: «Боксшылар бізге дейін ереже сақтамаған»

     Бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов боксшылар Саматәлі Төлтаев пен Абзал Серіктің тыйым салынған препараттарды қолданғанына байланысты пікір білдірді. -Бұл өзі бұрын болған жағдай. Неге десеңіз, тыйым салынған препараттар адамның азғасында 3-4 ай, кейде бір жылға дейін болады. Қаңтар айында Ұлттық допингке қарсы орталығы Саматәлі Төлтаев пен  Абзал Серікті допингке тексергенде олар сынамадан өте алмаған, — деп ...

    Read More »

    «Елорда кубогына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

    Бокстан Қазақстан құрамасы 27 маусым мен 2 шілде аралығында Астанада өтетін Elorda Cup турниріне қатысатын боксшылардың тізімін жариялады. Бұл турнирге Қазақстан боксшыларынан басқа Өзбекстан, Үндістан, Жапония, Қытай, Түркіменстан, Таиланд, Моңғолия, Бахрейн мен Сербия елдерінің командалары қатысады. Ұлттық құрама тізімі: 48 кг Теміртас Жүсіпов Ернар Қарап Ернұр Қайрат Дарын Кұлжабаев Әлі Тоқтаров 51 кг Сәкен Бибосынов Дамир Әбдіқадыр Даниял Сәбит Кенже ...

    Read More »

    Боксшылар Астанаға оқу-жаттығуға жиналды (ВИДЕО)

    Астанда ұлттық құрама команда боксшыларының оқу-жаттығу жиыны басталды. Боксшылар астанада 26 маусымға дейін «Елорда кубогы»  турниріне дайындалады. Оқу-жаттығудың өзі 12 маусымда басталған. Бұл турнирді кейбір жігіттерге Азия ойындарының алдындағы іріктеу жарысы десек болады. Сондай-ақ ол басқа боксшыларға керекті жекпе-жектерін өткізіп, өздерінің шеберліктерін шыңдауға арналып отыр. Біздің осы жарысымызюет тура Еуропа ойындары өтеді. Сол себептен көптеген елдер келе алмайды. Бірақ соның ...

    Read More »

    Қазақ еліне жеңіс сыйлау біз үшін мәртебе – ұлттық құраманың ойыншылары (ВИДЕО)

    Бүгін түнде Белфаст қаласында 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатының турнирінің іріктеу матчында футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландия құрамасын 1:0 есебімен ұтып, Н тобындағы турнир кестесінде екінші орынға шықты. Ойынның 87-минутында алаңға шыққанына көп уақыт бола қоймаған шабуылшы Абат Айымбетов ұлттық құрама сапындағы сегізінші голын салып, Қазақстан құрамасы жеңіс сыйлады. Ол осымен биылғы матчтарда ұлттық құрамаға екінші рет жеңіс голын салып ...

    Read More »