• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: ақпан 2023

    Странджа кубогы: неліктен Жалоловтың қарсыластары шаршы алаңға шықпады?

    Ресейлік «неКАРАтэ» Youtube-арнасы бокстан Болгарияның астанасы – София қаласында Странджа кубогы үшін өткен халықаралық турнирде өзбекстандық ауыр салмақты былғары қолғап шебері Баходир Жалоловқа қарсы спортшылардың шаршы алаңға шықпай қалу себебін айтты. Еске сала кетсек, жақында «Кіші әлем чемпионаты» аталып кеткен турнирде Жалоловтың үш бірдей қарсыласы кездесуден бас тартқан болатын. Сөйтіп, өзбек боксшысы жалғыз жекпе-жек ғана өткізіп, турнирдің жеңімпазы атанған. Әуелі ...

    Read More »

    «Азия балалары» ойындары: Қазақстан шорт-тректен үшінші орынды иеленді

    «Азия балалары» ойындары: Қазақстан шорт-тректен үшінші орынды иеленді Қысқы спорт түрлерінен Ресейдің Кемеров облысында өтіп жатқан «Азия балалары» халықаралық турнирде шорт-тректен Қазақстан құрамасы үшінші орынды иеленді. Соның ішінде Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің 9 «А» сынып оқушысы Айзада Алтынбек те (шорт-трек) болды. Ол 3 000 метрге арналған командалық эстафетада мәреге үшінші болып жетті. Бұл жарысқа Азия құрлығының және Беларусь елінің 14-16 ...

    Read More »

    «Азия балалары» ойындары: Қазақстан үш жүлде алды

    Қысқы спорт түрлерінен Ресейдің Кемерево қаласында өтіп жатқан ІІ «Азия балалары» ойындарында Қазақстарн спортшыларының қоржыны бір алтын жүлдемен, бір күміс және бір қола медальмен толықты. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы хабарлады. Шаңғымен тұғырдан секіруде Илья Мизерных пен Илья Шильников қарсылас шақ келтірген жоқ. Илья Мизерных 239,3 ұпаймен чемпион атанды. Ал Илья Шильников 227,3 ұпаймен күміс жүлдеге ...

    Read More »

    Аргентиналық футболшылар мен жанкүйерлер жыл үздіктері атанды

    Францияның астанасы — Париж қаласында The Best FIFA сыйлығын табыс ету рәсімі болды.   Салтанатты іс-шарада Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) шешімімен Аргентина ұлттық құрамасы мен Францияның «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшы Лионель Мессиге, 2022 жылдың үздік ойыншысы атағы берілді. Сонымен бірге Аргентинаның бас жаттықтырушысы  Лионель Скалони жылдың үздік бапкері деп танылса, осы елдің құрама командасы мен Англияның «Астон Вилла» клубының қақпашысы Эмилано ...

    Read More »

    Килиан Мбаппе 200-ші голын соқты

    «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе Франция чемпионатының 25-турында «Марсельмен» кездесуде (3:0) дубль жасады. Осылайша, ол 200-ші голын соқты. Мбаппе команданың үздік бомбардирлері арасында Эдинсон Каванимен бірінші орынды бөлісті. Жеңіс «ПСЖ-ға» 60 ұпай жинауға және екінші орында тұрған «Марсельден» (52) 8 ұпай алға шығуға мүмкіндік берді. 4 наурызда «ПСЖ» «Нантқа» қарсы, ал келесі күні «Марсель» «Реннге» қарсы ойнайды. Мбаппе 2022 ...

    Read More »

    Стенд ату: Қазақстан Азия кубогынан 13 медаль жеңіп алды

    Стенд атудан Кувейттің астанасы – Әл-Кувейтт қаласында өтіп жатқан Азия кубогы үшін жарыста Қазақстан спортшылары 13 медаль иеленді. Олардың барлығы «скит» санатында жүлдегер атанды. Бұл жарысқа Азияның 350 мергені қатысып жатса, елімізідң намысын 28 үздік спортшы қорғап жатыр. Турнирде әйелдер арасында жекелей сында  Ольга Панарина,  командалық сында Зоя Кравченко, Ольга Панарина, Әсем Орынбай жеңімпаз атанды. Жасөспірімдер арасында жекелей сында Данил Стрелецов, ...

    Read More »

    Мейіржанова мен Таниева Әлем кубогының жүлдегері атанды

    Көркем гимнасшы Айым Мейіржанова мен Елжаңа Таниева Эстонияда өткен Әлем кубогы кезеңінде жүлдегер атанды. Мейіржанова екі жүлдені жеңіп алды. Ал Таниев күміс медальді иеленді. Айым Мейіржанова таспамен көрсеткен өнері үшін күміс медаль жеңіп алса, шығыршықпен сынға түскенде үздік үштікті түйіндеді. Елжаңа Таниева Әлем кубогы кезеңінде алтынға бір қадам жерде тоқтады. Ол жаттығуында жүлдеден бір адым жерде қалды. Ал таспамен көрсеткен ...

    Read More »

    ХОК Ресей мен Беларусь спортшыларын Олимпиадаға жібермеуге шешім қабылдады

    Халықаралық Олимпиялық комитет (ХОК) түпкілікті шешім қабылдады: Ресей мен Беларусь спортшыларына бұрын берілген дисквалификацияның күші сақталып қалды. Халықаралық Олимпиялық комитет көп талас-тартыс пен сөз сайысынан кейін ресейліктер үшін де, белорустар үшін де дисквалификацияны бұрынғы күшінде сақтап қалуға ұйғарым жасады. Халықаралық Олимпиялық комитет Украинаға қарсы жарияланбаған соғысқа қатысушы агрессор-мемлекеттердің өкілдері – ресейлік және белорус спортшыларынан дисквалификацияны алмау жөнінде шешім қабылдады, – ...

    Read More »

    «Азия балалары» ойындары: Қазақстан екі медаль жеңіп алды

    Ресей Федерациясының Кемерево қаласында қысқы спорт түрлерінен өтіп жатқан ІІ «Азия балалары» ойындарында еліміздің шорт-трекшілер екі медальді жеңіп алды. Қыздар арасында 1500 метрге жарысудан Малика Жолтабар қола жүлдені иеленсе, оы қашықтықта ұлдар арасында өткен додада Мейіржан Төлеген күміс медальге ие болды. ІІ «Азия балалары» ойындарында хоккейден Қазақстан құрамасы да алғашқы жеңісін тойлады. Балалар өз тобындағы екінші ойында Ресейдің Саха Республикасын ...

    Read More »

    Түркияда стадион толы жанкүйерлер алаңға ойыншықтарды қарша жаудырды (ВИДЕО)

    «Бешикташ» және «Антальяспор» футбол клубтарының жанкүйерлері матч кезінде жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендердің құрметіне жасыл алаңға жұмсақ ойыншықтарды лақтырды, деп хабарлады CBS Sports. Жанкүйерлер ойыншықтарды матчтың 4-минуты, 17-секундында лақтыра бастаған. Түркияның оңтүстік-шығысындағы табиғи апат 6 ақпанда сағат 04:17-де басталған еді. Осы уақытта жер сілкінісінен қаза тапқандарды еске алу үшін ойын бірнеше минутқа тоқтатылды. Белгілі болғандай, алаңға үйіліп қалған ойыншықтар жер ...

    Read More »