• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Нысана көздеу: Қазақстан құрамасы алтын жүлдені жеңіп алды

    Чехияның Пльзень қаласында өткен Гран-при жарысында Қазақстан құрамасы тағы бірнеше жүлдеге ие болды. Әуелі аралас қарқында қозғалатын жылжымалы нысана көздеуде  (10 метр) ерлер арасында Андрей Худяков, Асадбек Назиркульев, Даниил Яковенко үштігі топ жарып, алтын медальді жеңіп алды. Дәл осы бағдарламада әйелдер арасында Фатима Ирназарова, Александра Садуақасова, Зухра Ирназаровадан құралған команда күміс медаль иеленді. Одан кейін ұлттық құраманың спортшысы Максим Мазепа ...

    Read More »

    Білімді мыңды жығады (ФОТО)

    «Білімді мыңды білімсіз бірді жығады», деген бабаларымыз. Бұл сөзді ата бабаларымыз тегін айтпаса керек. Осы бір-екі ауыз сөздің ішінде қаншалықты мән мағына жатыр десеңізші. Бүгінде саңлақ спортшы болып қалыптасу үшін білімдінің сақасы оңынан түсері уақыт көрсетіп келеді. Сондықтан да білімді спортшы болып өсіп жетілсе алмас қамал болмас. Кеше К. Ахметов атындағы Олимпиадалық ізбасарларды дайындайтын республикалық мектеп-интернат колледжінің қабырғасында балалардың білімі ...

    Read More »

    Grand Slam турнирі: Қазақстан тағы екі жүлде алды

    Тәжікстанның астанасы – Душанбе қаласында дзюдодан өтіп жатқан Grand Slam турнирінде күміс жүлде алған Мағжан Шамшидиннен кейін тағы екі балуан медалист болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. 81 келі салмақтағы Абылайхан Жұбаназар мен Дархан Қойбағар (73 кг) қола жүлдегер атанды. Дархан Қойбағар Үлкен дулыға санатындағы жарыста алғаш рет жүлде алды. Ол кіші финалда Дархан моңғолиялық Ерденбаяр ...

    Read More »

    Рыбакина WTA чемпиондар тізімінде үздіктер қатарында келеді

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дүниежүзілік теннис қауымдастығының (WTA) чемпиондар тізімінде екінші орында келеді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Рыбакинада 3 583 ұпайы бар. Бұл тізімде әлемнің бірінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек 4 335 ұпаймен көш бастап тұр. Үшінші орында әлемнің ракеткасы ракеткасы, Беларусь елінің теннисшісі Арина Соболенко (3 278 ұпай). Осы аптада Елена Рыбакиана Испанияның Мадрид қаласында өткен ...

    Read More »

    Нысана көздеу: Қазақстан Гран-при жарысында екі медаль иеленді

    Нысана көздеуден Чехияның Пльзень қаласында өтіп жатқан Гран-при жарысында Қазақстан спортшылары екі медальді жеңіп алды. 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға көздеуден командалық сында әйелдер арасында Зухра Ирназарова, Александра Садуақасова мен Фатима Ирназарова үштігі күміс жүлдені иеленді. Сондай-ақ дәл осы бағдарламада еліміздің ерлер құрамасы (Даниил Яковенко, Асадбек Назиркульев, Андрей Худяков) қола жүлдене ие болды. Әлемдік додаға 23 елден 550 спортшы қатысып ...

    Read More »

    Гимнасшы Айбота Ертайқызы да Азия чемпионы атағын алды

    Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының спортшысы Айбота Ертайқызы Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды. Ол таспамен жаттығуда алтын жүлдені жеңіп алды. Төрешілер оның өнерін 32,90 ұпайға бағалады. Күміс медальді өзбекстандық Тахмина Икромова, қола жүлдені жапониялық Рейна Мацусака иеленді. Бұған дейін Айбота Ертайқызы доппен жаттығуда күміс, шығыршықпен жаттығуда қола медаль алды. Бүгін сондай-ақ, Елжаңа Таниева екінші рет Азия чемпионы ...

    Read More »

    Көркем гимнастикадан АЧ: Елжаңа Таниева тағы да чемпион атанды

    Көркем гимнастикадан Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Елжаңа Таниева тағы бір алтын жүлдені жеңіп алды. Ол шығыршықпен жаттығудан Азия чемпионы атанды. Бұл жаттығуда спортшы 33,90 ұпай жинады. Ал күміс медальді жапониялық Рейна Мацусака, қола жүлдені Айбота Ертайқызы иеленді. Кеше Елжаңа Таниева көпсайыстан Азия чемпионы атанып, Олимпиялық ойындарға жолдама алған еді.  Сонымен бірге бүгін Қазақстан ересектер құрамасы 5 шығыршықпен ...

    Read More »

    Көркем гимнастика: Қазақстан Азия чемпионы атанды

    Өзбекстанның астанасы — Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде Олимпиада жолдамасынан бөлек, тағы үш медаль қоржынға түсті, деп хабарлады olympic.kz. Қазақстан ересектер құрамасы бес шығыршықпен жаттығуда Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ал еліміздің жасөспірімдер құрамасы командалық көпсайыстан алтын және күміс медальға ие болды. Еске сала кетсек, кешегі жарыс күнінде Елжаңа Таниева көпсайыстан Азия чемпионы атанып, Париж Олимпиадасына жолдама алған ...

    Read More »

    Спорттық семинардың пайдасы зор болды (ФОТО)

    Жуырда Алматы қаласындағы К.Ахметов атындағы Олимпиада ізбасарларының республикалық  мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің ұйымдастыруымен «Спорттық оқу орындары ұстаздарының педагогикалық тәжірибесін талдап, қорытындылау барысында зияткерлік құндылықтар жүйесін қалыптастыру» атты республикалық интерактивті семинар — практикум өтті. Семинардың ашылу салтанатында Лаура Қадырқызы Айтбаева айтулы мектеп-интернаттың тарихы мен жетістіктері туралы баяндама жасады. Келесі кезекті белгілі спорт зерттеуші маман педагогика ғылымдарының докторы, профессор Анатөлі Қожекенұлы Құлназаров «Қазақстанда ...

    Read More »

    Жібек Құламбаева ITF W35 турнирінің жартылай финалына шықты

    Теннисші Жібек Құламбаева Тунистің Хаммамет қаласында өтіп жатқан  ITF W35 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Спортшы алдымен дүниежүзілік рейтингіде 1351-орында тұрған франциялық Эмма Маззониден 6:0, 6:2 есебімен басым түсті. Одан кейін екінші айналымда әлемнің 362-інші, осы жарыстың 4-ракеткасы, швейцариялық Сюзан Бандеччиді аса тартысты бәсекеде 6:3, 1:6, 7:6 (7:4) есебімен жеңді. Құламбаеваның ширек финалдағы кездесуі де оңайға ...

    Read More »