• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Теннис

    Путинцева Осака турнирінің ширек финалына шықты

    Қазақстанның екінші, әлемнің 88-ракеткасы Юлия Путинцева Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан  WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты. Путинцева екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 171-орында тұрған ресейлік Валерия Савиныхпен ойнап, оны 6:1, 6:2 есебімен жеңді. Матч бір сағат 19 минутқа созылды. Осы уақытта Путинцева 1 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Валерия Савиных 1 эйспен ғана шектелді. Юлия Путинцеваның ширек финалдағы ...

    Read More »

    Теннисші Данилина микстен АҚШ чемпионы атанды

    Теннисші Анна Данилина микстен алғаш рет АҚШ чемпионы атанды. Анна Данилина аралас жұпта финалда финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге жарыстың бірінші ракеткалары, америкалықтар Джессика Пегула мен Остин Крайчекпен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда қазақстандық-финляндиялық жұп брейк жасап, сол басымдықты 6:3 есебімен сақтап қалды. Олар екінші сетті де брейкпен бастағанымен, америкалықтар таразы басын теңестірді. Есеп – 2:2. Содан кейін Анна мен ...

    Read More »

    Теннисші Жібек Құламбаева Бари турнирінің жартылай финалына шықты

    Теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Италияда өтіп жатқан Бари челленджер турнирінің жартылай финалына шықты. Қазақстан спортшысы франциялық Кароль Моннемен бірге ширек финалда испаниялық Марина Бассольс пен бразилиялық Лаура Пигоссимен сынға түсті. Қазақстандық – франциялық жұп 7:6 (7:2), 6:0 есебімен басым түсті. Құламбаева мен Монне финалға шығу ½ финалда грекиялық Валентини Грамматикопулу мен франциялық Эликсан Лечемиямен кездеседі. Бұл жұп жарыстың 2-ракеткалары, словениялық ...

    Read More »

    US Open: Қазақстан теннисшісі финалға шықты

    Теннисші Анна Данилина аралас жұпта АҚШ ашық чемпионатының финалына шықты. Ол финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге жартылай финалда жапон теннисшісі Ена Шибахара мен хорват спортшысы Мате Павич жұбымен кездесіп, қарсыластарын 7:6 (7:2), 6:4 есебімен ұтты. Бұл матч бір жарым сағатқа созылды.  Кездесуде қазақстандық жұп 4 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Қарсылас дуэт 3 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді. Енді ...

    Read More »

    Теннисші Новак Джокович жаңа рекорд жасады

    Әлемнің екінші ракеткасы, сербиялық Новак Джокович 47-рет «Үлкен дулыға» турнирінің жартылай финалына шықты. Джокович бұл көрсеткіш жөнінен спорттағы мансабын аяқтаған швейцариялық Роджер Федерерді басып озып, жекедара көш бастады. Сербиялық теннисші Нью-Йоркта өтіп жатқан АҚШ-тың ашық чемпионатының ширек финалда әлемнің 9-ракеткасы, америкалық Тейлор Фритцті 6:1, 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Осымен Джокович АҚШ чемпионатының жартылай финалына 13-рет шығып отыр. Новак Джокович ...

    Read More »

    US Open: Рыбакина үшінші айналымға шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты. Рыбакина екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 127-орында тұрған, өткен жылы осы жарыстың ширек финалына дейін жеткен австралиялық Айла Томляновичпен кездесуі керек еді. Австралиялық спортшы матчқа қатысудан бас тартты да, Рыбакина ойнамастан үшінші айналымға жолдама алды. Енді Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 30-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстямен кездеседі. Ол ...

    Read More »

    Рыбакина WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Монреальда өтіп жатқан WTA 1000 турнирдің ширек финалына шықты. Ол 1/8 финалда америкалық US Open 2017 турнирінің жеңімпазы, WTA рейтингінде 38-орында тұрған АҚШ спортшысы, US Open-2017 чемпионы Слоан Стивенсті жеңіп, ширек финалға шықты. Бірінші сетте Рыбакина қарсыласын 6:3 есебімен ұтты. Ойынның екінші партиясында Рыбакинаның оң жақ иығының ауыратынын айтып,  медициналық тайм-аут алды. Бірақ ол көп ...

    Read More »

    Рыбакина WTA үздік үштігінен шығып қалды

    Әйелдердің теннис қауымдастығы (WTA) жаңа рейтингті жариялады. Дүниежүзілік рейтингте Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина үздік үштіктегі орнын сақтап қала алмай, төртінші орынға түсіп қалды. Ал америкалық Джессика Пегула үшінші орынға көтерілді. Рейтингте Ига Швентек көш басындағы орнын сақтады. Беларусьтің өкілі Арина Соболенко да екінші орнын сақтап қалды. Қазір Елена Рыбакина Канаданың Монреал қаласында өтетін WTA 1000 Мастерс турниріне қатысу үшін ...

    Read More »

    Теннисші Евсеев Президенті кубогының иегері атанды

    Әлемнің 412-ракеткасы Денис Евсеев Астанада Президент кубогы үшін челленджер турнирінің жеңімпазы болды. Ол жарыста үшінші ракетка болып тіркеліп,  дүниежүзілік рейтингіде 570-орында тұрған Өзбекстанның өкілі Хумаюн Сұлтановпен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші сетте Денис Евсеев 0:5 есебімен ұтылып жатып, қатарынан жеті геймді алып, 7:5 есебімен алға шықты. Екінші сетте өзбекстандық спортшы 6:2 есебімен есе қайтарды. Үшінші, шешуші партияда Денис Евсеев 4:2 ...

    Read More »

    Рыбакина жүлде қоры 5 млн доллардан асатын турнирлерге қатысады

    Әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өтетін Canadian Open және АҚШ-тың Цинциннати штатында болатын Cincinnati Masters турнирлеріне қатысатын теннисшілердің қатарына кірді.   Монреальдағы WTA турнирі 7-13 тамыз аралығында өтеді. Оның жүлде қоры — 2 788 468 доллар. Жеңімпаз 454 500 долларға және рейтингілік 900 ұпайға ие болады. Цинциннатидегі турнир 14-20 тамыз аралығында өтеді. Оның жүлде қоры — 2 527 ...

    Read More »