Сауд Арабиясының Даммам қаласында жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алты медаль жеңіп алды.
Команданың қоржынында бір алтын жүлде бар. Бұл жарыста Азия чемпионы атағына Полина Кузубова (жетісайыс) ие болды. Ал онсайыста Асқар Өмірзақ екінші орынға табан тіреді.
Қола жүлдені Асылзат Қыдырбай (жетісайыс), Дмитрий Шкердин (сырықпен секіру), Эвелина Рябкова мен Кирилл Савченко (екеуі де 400 метрге кедергілер арқылы жүгіру) иеленді.
Медальдар кестесінде Қазақстан құрамасы оныншы орынға орналасты. Бірінші орынды Қытай иеленсе, екінші орынға Өзбекстан командасы шықты. Ал Жапония үздік үштіктен көрінді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА