Осы күндері Мажарстанның астанасы — Будапешт қаласында күрес түрлерінен Polyák Imre & Varga János Memorial халықаралық турнирі болып жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.
Бүгінгі жарыс күнін балуан қыздарымыз 1 күміс, 1 қола жүлдемен аяқтады. Ұлттық құрама көшбасшысы Жәмила Бақбергенова (72 кг) финалда Үндістан өкілі Харшита Харшитаға жол берді. Тағы бір отандасымыз Нилуфар Райымова (57 кг) қола медальді иеленді, — делінген хабарламада.
Ертең жарыс жолына Тыныс Дүбек (-62 кг), Ирина Казюлина (-68 кг) мен Эльмира Сыздықова (76 кг) шығады. Сонымен қатар бозкілемге грек-рим күресінің шеберлері көтеріледі.
Жарысқа 14 елден 99 үздік спортшы қатысып жатыр.