• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан дзюдо федерациясы

    Дзюдодан Азия кубогы: Қазақстан құрамасы төрт жүлде алды

    Қытайдың Ханчжоу қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Азия кубогы үшін жарыс аяқталды.

    Қазақстанның дзюдошылар құрамасы құрлықтық жарыстан 1 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлде алды. Соның нәтижесінде жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болды.

    Ұлттық құрамадан Ермек Амангелді (73 кг) кубоктың иегері атанса, Табылды Бигембаев (66 кг) пен Әлішер Слямжанов (90 кг) күміс, Ұлықбек Әбілқайыр (66 кг) қола медаль алды.

    Биылғы додаға Азия елінен 13 құрама қатысты.

    Тағы бір жарыс туралы айтсақ, осы Индонезияның астанасы — Джакарта қаласында дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионаты болып жатыр. Ол кеше басталды. 14 қыркүйекте аяқталады.

    Дүрмекті додаға еліміздің атынан Дәрмен Есенгелді (60 кг), Қайрат Жеңісұлы (60 кг), Әли Болат (66 кг), Ерасыл Ержанов (66 кг), Ернар Кеңесқан (73 кг), Сапарғали Салхан (81 кг), Егор Раков (90 кг), Ерасыл Нұртаза (100 кг) мен Бейбарыс Сұлтан (100 келіден аса салмақ) күш сынасады.

    Қыздар жарысында Іңкәр Құралбай (48 кг), Сара Шұғаева (52 кг), Гүлхан Шыңғысхан (52 кг), Карина Каракенова (57 кг), Дамеля Асылханова (63 кг), Шынар Бітімбай (70 кг), Салтанат Ахметова (78 кг), Көркем Бақытбек (78 келіден аса салмақ) мен Томирис Ерғали (78 кг) қатысып жатыр.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *