Пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтярев 54 кг дейінгі салмақта үш тәсілдің қосындысы бойынша 567 кг зілтемірді көтеріп, әлем чемпионы атанды. Ол үшінші талпынысында 191 кг көтеріп, Азия рекордын жаңартты.
Алғашқы сайысында ол 187 келіні басынан асырса, одан кейін 189, үшіншісінде 191 келіні көтере алды.
Екінші орынды сальвадорлық Херберт Асетуно иеленді. Үшінші орын қытайлық Ян Чжанға бұйырды.
Қазір Давид Дегтяревтің мойнында Паралимпиада ойындарының екі алтын медалі бар. Сондай-ақ ол бұған дейін әлем чемпионы атағын жеңіп алған еді. Енді ол екі дүркін Паралимпиада және екі дүркін әлем чемпионы атағын алып отыр.
2025 жылғы әлем чемпионатында ел құрамасы үш алтын, екі күміс медаль алды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
Фото: Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы