• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ұлттық Олимпиада комитеті

    Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі

    Астана қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші жарыс күнінің жартылай финал белдесулері басталды.

    Жәмила Бақбергенова (-72 кг) Қытай өкілі Зелу Лимен финалға берілер жолдаманы сарапқа салды. Бұл сында отандасымыз қарсыласынан 4:2 есебімен жеңілді.

    Енді ертең ұлттық құрама спортшысы қола медаль үшін бақ сынайды. Оның қарсыласы жұбаныш кезеңінен соң белгілі болады.

    Бүгін іріктеуде Жәмила Бақбергенова Молдова өкілі Эмилия Кречунды, одан кейін ширек финалда Украина өкілі Надия Соколовсканы айқын басымдықпен жеңді.

    Жалпы, Бақбергенова осыған дейін ересектер арасында -72 кг салмақта үш рет әлем чемпионатының финалында белдесіп, күміс жүлдегер атанған (2021, 2022, 2024 ж). Сонымен қатар 2023 жылы үшінші орыннан көрінген.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *