14-20 тамызда Иорданияның астанасы – Амман қаласында 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді.
Бұл дүрмекті додаға әйелдер күресінен де Қазақстан құрамасы қатысады. Қазақстан құрамасының тізімі төменде жарияланып отыр.
50 кг — Лаура Ғаниқызы;
53 кг- Алтын Шағаева;
55 кг — Зейнеп Баянова;
57 кг — Шұғыла Өмірбек;
59 кг — Мәдина Аман;
62 кг — Тыныс Дүбек;
65 кг — Қорлан Аманова;
68 кг — Жібекжан Сабыржанова;
72 кг — Шәмшиябану Тастанбек;
76 кг- Алина Ертөстік.
Аспандияр ЕСЕНЖОЛОВ,
ФОТО: Күрес түрлері федерациясы