18-19 қаңтарда «Крещение» православие мерекесі шіркеулерде аталып өтеді. Биылғы жаппай шомылу кезінде Астана қаласы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Азамат Жұмекешов айтты, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Биылғы «Крещениеге» орай елордада Есіл өзенінің сол жағалауында, «Астаналық» саябағының жағалауында (Орталық жағажайдың жанында) жаппай шомылуға арналған ойықтар орнатылды.
Суға шомылатын орындар 18 қаңтарда сағат 20:00-ден бастап суды тазартқаннан кейін 19 қаңтар сағат 02:00-ге дейін ашық болады.
Жаппай шомылу 19 қаңтарда таңғы сағат 08:00-ден түнгі 23:00-ге дейін жалғасады.
Жаппай шомылуға қатысатын Астана тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Крещение» кезінде шомылу рәсімі өтетін орындарда Астана ТЖД, Жедел-құтқару жасағы мен Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылады. Іс-шараға жеке құрамның 38 адамы және 4 бірлік техника жұмылдырылады. Бұл жерде шомылуды ұйымдастырушылар мен суға түсушелер үшін қосымша нұсқама өткізіледі, — деді ол.
Ол сондай-ақ қала тұрғындарына шомылу кезіндегі сақтық шараларын еске салды.
Мәселен, қажет болған жағдайда уақтылы білікті көмек көрсете алатын арнайы жабдықталған және күзетілетін орындарда ғана шомылу қажет. Осы мақсатта Есіл өзенінде Тұран даңғылы 8/2 мекенжайындағы қалалық жағажайда бір учаскеге адамның мұз астына кетуіне жол бермеу үшін ағаш және металл торларды қолданатын қауіпсіздік құралдарымен жабдықталған 4 орын жасалды.
Ойыққа кіргенде терең дем алып барып, суға түсу керек. Суға түскен кісі шыққан кезде оны ір адам сүлгімен және халатпен күтіп алу керек. Суға түскен кезде резіңке аяқ киім кию керек.
Шомылудан бұрын денені қыздырып, аздаған жаттығу жасап, жеңіл жүгіріңіз.Суға тек тайғақ емес, арнайы жабдықталған орынға шомылу керек.
Шомылатын орынға жеткенше қысқы аяқ киімді киген дұрыс, арнайы резеңке аяқ киімді де киюге болады. Ойыққа жеткенше жол тайғақ болуы мүмкін. Сондықтан асықпай, әр қадамды нық басып жүріңіз, — деді Азамат Жұмекешов.
Оның айтуынша, құтқарушылар суға түсетін баспалдақтың тайғақ болмауын қамтамасыз етуге кеңес береді.
Ешбір жағдайда секіруге және алға қарай тесікке сүңгуге болмайды. Өйткені, адамның дене қызуы көтеріліп, суық тиюі мүмкін.
Суда бір минуттан артық болмау керек. Мас адамға мұзды суға шомылуға болмайды.
Егер сізбен бірге бала немесе қарт адам болса, оны шомылу кезінде мұқият қадағалаңыз.
Қорыққан кезде бала жүзе алатынын әп-сәтте ұмытып қалуы мүмкін.Шомылғаннан кейін сүлгімен сүртініп, құрғақ жылы киім киіп, ыстық шай ішу керек, — деді ол.
Сонымен бірге ол балалар мен қарт кісілерге, денесі шынықпаған, суық суға шомылудан тәжірибесі жоқ және жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдарға суға шомылудан бас тартуды ескертті.