Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Штутгарт турниріндегі жеңісімен құттықтады.
Елена Рыбакинаны Штутгартта өткен теннис турнирінің жеңімпазы атануымен құттықтаймын. Қазақстанның бірінші ракеткасы биылғы маусымда осымен үшінші турнирде жеңіске жетіп отыр. Бұл — үлкен жетістік. Даңқты теннисшімізге толағай табыс тілеймін!, — деп жазды мемлекет басшысы Instagram парақшасында.
Бүгін Рыбакина WTA 500 турнирінде әлемнің 27-ракеткасы, украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңген болатын.