• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы

    Гимнасшы Елжаңа Таниева Олимпиада лицензиясын жеңіп алды (ВИДЕО)

    Көркем гимнастикадан Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Елжаңа Таниева алтын медаль алып, Олимпиаданың жолдамасын иеленді.

    Ұлттық құрама көшбасшысы көпсайыста дес бермей, топ жарды.

    Айбота Ертайқызы жарысты бесінші орынмен аяқтады.

    Енді Қазақстан спортшыларында Париж Олимпиадасының 50 жолдамасы бар. Олар спорттың 17 түрінен лицензияны жеңіп алды.

    Еске сала кетсек, Токио Олимпиадасында ел намысын Алина Әділханова, оған дейін 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткпен жарыста Сабина Әшірбаева, 2012 жылы Лондон Олимпиадасында Анна Алябьева, 2008 жылы Бейжің мен 2004 жылы Афинада жалауы желбіреген жарыста Әлия Юсупова қорғаған болатын.

    Ең жақсы нәтиже Әлия Юсуповаға тиесілі. Ол  2004 жылы көпсайыста және 2008 жылы ұршық жаттығуында төртінші орын алған еді.

     

    Шамкен БАЙЫРБЕК,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *