• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    olympic.kz

    Көркем гимнастика: Қазақстан Азия чемпионы атанды

    Өзбекстанның астанасы — Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде Олимпиада жолдамасынан бөлек, тағы үш медаль қоржынға түсті, деп хабарлады olympic.kz.

    Қазақстан ересектер құрамасы бес шығыршықпен жаттығуда Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ал еліміздің жасөспірімдер құрамасы командалық көпсайыстан алтын және күміс медальға ие болды.

    Еске сала кетсек, кешегі жарыс күнінде Елжаңа Таниева көпсайыстан Азия чемпионы атанып, Париж Олимпиадасына жолдама алған болатын.

    Бүгін жекелеген жаттығулар бойынша финал болады.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *