• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Дзюдошы Сара Леони Сизик Олимпиадаға қатысады

    Биыл — Олимпиада жылы. Өз жерінде болатын Париж Олимпиадасына француз дзюдошылары да қатысады. Осы жарыста 25 жастағы Сара Л.Сизик те алтын жүлде алуы мүмкін.

    Былтыр Grand Slam Astana-2023 турниріне 42 елден 334 дзюдошы келіп қатысқан еді. Онда 57 келіде француз спортшысы С.Леони Сизик жеңімпаз атанды. Сол кезде Сизикпен танысып, біраз сұрақтың астына алдым.

    Биыл өткен сайыстарда C.Л. Сизик Grand Slam Paris-те қола, Grand Slam Dushanbe-те күміс, Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды. Бірақ БАӘ-нің астанасы — Абу-Дабиде өткен 37-әлем чемпионатына Л.Сизик барған жоқ.

    Олимпиадалық рейтингте Сизик 5 120 ұпаймен 4-орында. Көш басында Криста Дегучи, Жессика Климент (Канада) пен Рафаель Силва (Бразилия) бар. Ал олимпиадалық рейтингте үздік 20 немесе 25-те тұрған бір елден бір ғана спортшы қатыса алады.

    Жақында Абу-Дабиде 57 келіде Оңтүстік Кореяның 21 жастағы спортшысы Мими Хух су жаңа әлем чемпионы атанды. Финалда ол екі дүркін әлем чемпионы Криста Дегучиді әжесі, анасы мен туған сіңлісінің көзінше жеңіп кетті. Өте аянышты.

    Криста бикешті татамиде М.Хух аямады. Қос спортшы он екі минут бойы күресті. Кәріс қызы мықты, шаршамайды екен. Қайсар корей қызы Парижден І, ІІ және ІІІ орынның біреуін алады-ау. Өткендегі күресін Qazsport арнасынан көріп осындай ой түйдім. Біздің Әбиба да солай күрессе ғой. Жарыстарда шаршап қалады, асығады. Кейде оған жылдамдық жетпей қалады. Егер Әбиба әзір тұрмысқа шығып кетпесе, Елдос Сметов секілді жеті немесе сегіз әлем чемпионатына бара алады.

    Француз Сара Леони Сизикке жанкүйер боламын. Әлемнің және Қазақстанның дзюдошыларын 27 шілде мен 2 тамыз күндері Францияның Париж Олимпиадасында көреміз.

     

    Айбек МҰХАНОВ,

    АҚТАУ

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *