Бүгін Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлады olympic.kz.
Таңғы бағдарлама аясында алғашқы медальдар жиынтығы сарапқа салынды.
Спорттық жүрістен алматылық Ясмина Тоқсанбева топ жарды. Екінші орынды Галина Якушева (ШҚО), үшінші орынды Эльмира Калимуллина (Алматы) жеңіп алды.
Ерлер арасында Алматы қаласының тұрғыны Виталий Терехин жеңіске жетті.
Балға лақтырудан Анастасия Калошина (ШҚО) чемпион атанды,
Диск лақтырудан ерлер арасында Евгений Миловацкий (Маңғыстау облысы), әйелдер арасында Карина Васильева үздік шықты.
Жарыс Олимпиадаға дайындау орталығында болып жатыр.