• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Еркін күрестен Қазақстан кубогының алғашқы финалистері анықталды

    Астана қаласындағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде күрес түрлерінен дәстүрлі Қазақстан кубогы басталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    Алғашқы жарыс күнінде еркін күрестен 57, 65, 86, 97, 125 кг салмақта іріктеу кезеңі мен жартылай финалдың белдесулері болды. Жартылай финал нәтижесінде финалға мына балуандар шықты:

    57 кг:

    Әділет Әлмұхамедов (Жамбыл облысы) – Рахат Қалжан (Жамбыл облысы) 3:2

    Абзал Өкенов (Астана қаласы) – Дәурен Әмірхан (БҚО) 6:1

    65 кг:

    Мейрамбек Қартай (Ақтөбе облысы) – Бекзат Сыбанбай (ШҚО) 11:1

    Начын Куулар (Шымкент қаласы) – Әділхан Албайұлы (Ақтөбе облысы) 14:3

    86 кг:

    Нұржан Исағалиев (БҚО) – Мұханбет Мәмбетов (Маңғыстау облысы) 13:0

    Болат Сақаев (Атырау облысы) – Бейбарыс Нұрыллаұлы (Ақтөбе облысы) 4:2

    97 кг:

    Бекзат Үркімбай (Астана қаласы) – Нұрдәулет Бекенов (ШҚО) 3:2

    Рустам Экажев (Астана қаласы) – Әкежан Айтбеков (Жетісу облысы) 4:0

    125 кг:

    Нұрсұлтан Азов (Ақмола облысы) – Омархан Надиров (Астана қаласы) 12:1

    Әлішер Ерғали (Жамбыл облысы) – Әлихан Құсайынов (Қарағанды облысы) 11:0

    Жарыс 29 мамырға дейін жалғасады.

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *