• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Милад Карими еркін жаттығуда Азия чемпионатының күміс медалисі атанды

    Ұлттық құрама көшбасшысының бірі Милад Карими спорттық гимнастикадан Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

    Ол еркін жаттығудың финалында 14.400 балл жинады. Бұл сында Париж Олимпиадасының чемпионы Карлос Эдриэль Юло (Филиппин) чемпион болды. Филиппин өкілі 14.600 ұпай алса,  Оңтүстік Корея гимнасы Мун Гён Ён (14.033 балл) үшінші орынға шықты.

    Дмитрий Патанин финалда 13.833 ұпаймен, төртінші орында қалып қойды.

    Былтыр Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатында еркін жаттығуда Карлос Юло бірінші орыннан көрінсе, Милад Карими күміс медаль алды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *