• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан бокс феедрациясы

    World Boxing: Астанада бокстан Әлем кубогы сарапқа салынады

    Астанада 30 маусым мен 6 шілде аралығында Олимпиадалық World Boxing ұйымының Қазақстандағы алғашқы жарысы болады.

    Бұл додада ерлер мен әйелдер өз салмақ дәрежелерінде Әлем кубогын сарапқа салады. Оған 30 елден 300 боксшы қатысады. Өзбекстан турнирге қатысудан бас тартты.

    Қолда бар мәліметке қарағанда, Астанаға АҚШ, Канада, Сербия, Франция, Финляндия, Швеция, Швейцария, Әзербайжан, Австралия, Словакия, Норвегия мен Германияның боксшылары келіп отыр. Олар Қазақстан ұлттық құрамасымен бірге жаттығу жасап жатыр.

    Бұл жиынға  жалпы саны 100-ден астам боксшы қатысуда.

    Қазақстан құрамасының нақты құрамы осы жиын қорытындысы бойынша анықталады.

    Жекпе-жектер Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында болады. Оның ашылу салтанаты 30 маусымда сағат 13:00-де, ал финалдық айқастар 6 шілдеде сағат 14:00-де басталады.

    Әлем кубогы жылдың соңына дейін бірнеше кезеңмен өткізіледі. Ол үш кезеңнен тұрады. Рейтингілік жарыста әр салмақ дәрежесінде жеңімпазға 300, екінші орынға 200, қос қола жүлдегерге 150 ұпайдан беріледі.

    Сәуір айында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өткен жарыста Дәулет Төлемісов (85 кг), Нұрсұлтан Алтынбек (55 кг) пен Жазира Орақбаева (51 кг) Әлем кубогының иегері атанды. Ал Ұлжан Сәрсенбек (57 кг), Диас Молжігітов (75 кг) пен Даниял Сапарбай (90 келіден аса салмақ) қола жүлдені қанағат тұтты.

    Үшінші кезең 21-27 шілде аралығында өтеді. Әзірше оның қайда болатыны белгісіз.

    Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов бокстан Әлем кубогы үшін жарыстың қарсаңында Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиынына барып, спортшылардың дайындығымен танысты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *