Грузияда өтіп жатқан шахматтан Әлем кубогының үшінші кезеңі мәресіне жетті.
Осы сынға қатысып жатқан 19 жастағы Меруерт Камалиденова ресейлік Анна Шухманды (2413) 1,5:0,5 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты.
Қазір отандасымыз рейтингте 59-шы орында тұр.
Осылайша, Камалиденова екінші сенсациялық жеңіске жетті. Бұған дейін ол қазіргі әлем чемпионы Александра Горячкинаны жеңген болатын.
Әлем кубогының жүлде қоры шамамен — 700 000 АҚШ доллары. Ол 28 шілдеге дейін жалғасады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА