• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан футбол федерациясы

    Қазақстан құрамасы дайындықты бастады

    Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турниріндегі Уэльс пен Бельгия командаларымен матчтарға дайындықты  бастап кетті. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады.

    Қазақстан құрамасы J тобында Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн командаларымен сынға түсіп жатыр.

    Осы топта ел құрамасы 4-орында тұр. Ұлттық құрама Уэльс (1:3) пен Солтүстік Македония (0:1) командаларынан жеңіліп, Лихтенштейнді (2:0) жеңді.

    Енді 4 қыркүйекте Астанада Уэльс құрамасымен, ал 7 қыркүйекте сырт алаңда Бельгиямен ойнайды.

    Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 29 тамызда Астанда басталды.

    Оған Ресейдің «Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліп пен «Ахмат» клубының шабуылшысы Максим Самородов қосылды. Одан кейін команданы «Қайрат» жасағының ойыншылары Дастан Сәтпаев, Дамир Қасаболат, Темірлан Анарбеков толықтырды. Ал Бақтиер Зайнутдинов жарақатына байланысты алдағы екі ойынға қатыса алмайтын болды.

    Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»);

    Қорғаушылар: Әлібек Қасым, («Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Сергей Малый, Ұлар Жаксыбаев, Сұлтанбек Астанов (бәрі – «Ордабасы»);

    Жартылай қорғаушылар: Ислам Чесноков («Тобыл»), Рамазан Оразов, Алмас Төлібай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі – «Елімай»), Дәурен Жұмат, Серікжан Мужиков (екеуі де – «Оқжетпес»), Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»), Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Дамир Қасабулат («Қайрат»);

    Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Дастан Сатпаев («Қайрат»), Иван Свиридов («Елімай»).

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *