Ұлттық құраманың спортшысы Шыңғыс Тайлиев Австрияның Зальцбург қаласында өткен А сериясындағы турнирде кумите бағдарламасында 75 кг дейінгі салмақта жүлде алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қола медаль үшін жекпе-жекте ол Финляндия өкілі Томас Сур Инкеройненді 7:2 есебімен жеңді. Отандасымыз жарыста Роман Чимбурді (AIN2) 11:1, Марио Ианнуцциді (Италия) 7:2, Витулано Дженнароны (Италия) жеңсе, жұбаныш кезеңде Мисини Мурселден (Македония) 4:0 есебімен айласын асырды.
Қазақстан командасы Karate 1-Series A Salzburg жарысын екі қола медальмен 11-сатыда аяқтады.