Олимпия ойындарының күміс жүлдегері Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Францияның Париж қаласында өткен Challenge Cup кезеңінде жеңімпаз атанды.
Ол ат снарядындағы жаттығудың финалында 15,066 ұпай жинап, жеңіске жетті.
Екінші орынды армениялық Гамлет Манукян иеленді. Оның ұпай саны — 14,800. Үшінші орынға италиялық Габриэле Таргетта 14,733 ұпаймен ие болды.
Зейнолла Ыдырысов 14,633 ұпаймен төртінші орынға табан тіреді.
Рүстем ЖҰМАН,
АСТАНА