• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Қазақстан жүзушілері Азия чемпионатында жүлдегер атанды

    Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорт түрлерінен 11-ші Азия чемпионаты болып жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    Жарыстың алғашқы күні жүзуден Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды:

    Күміс медаль: Максим Сказобцов – 100 м баттерфляй, 52.66

    Күміс жүлде: София Әбубәкірова – 50 м шалқалай жүзу, 28.90

    Қола медаль: Софья Сподаренко – 100 м баттерфляй, 1:01.14

    Сондай-ақ суға секіруден финалдық сайыстар болды. Өкінішке қарай, бұл бағдарламада Қазақстан спортшылары жүлдеге жете алмады.

    Жекелей сын, биіктігі 1 метр трамплин:

    Назар Қожанов – 6-орын, 276.50 ұпай

    Эмиль Қасымов – 18-орын, 219.40 ұпай

    Синхронды секіру, биіктігі 3 метр трамплин:

    Кирилл Новиков / Назар Қожанов – 9-орын, 242.94 ұпай.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *