Бүгін Әзербайжанның Гянджа қаласында жүзуден III ТМД елдері ойындарының соңғы жүлделері сарапқа салынды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстан спортшылары 4 дисциплинада сынға түсіп, соның ішінде 2 күміс, 1 қола медаль иеленді. Жүлдегерлер:
Тайисия Короткова (кешенді жүзу, 400 м) – күміс медаль
Қазақстан ұлдар құрамасы (кешенді жүзу, 4х100 м) – күміс жүлде
Қазақстан құрамасы, микст (кешенді жүзу, 4х100 м) – қола медаль.
Гянджа қаласында жүзуден 5 күнге созылған жарыста Қазақстан құрамасы барлығы 9 күміс және 10 қола жүлде жеңіп алды. Команда сапындағы көшбасшының бірі Тайисия Короткова жоғары даярлығын көрсетіп, жекелей және командалық сынды қосқанда 9 жүлдеге ие болды.
Кешенді жарыс Әзербайжанның Гянджа, Евлах, Мингячевир, Габала, Шеки, Гейгёль мен Ханкенді сынды 7 қаласында қатар болып жатыр. Биыл додаға 13 елден барлығы 1600-ден астам спортшы жиналды. Олар 23 дисциплинада өзара жүлдеге таласып жатыр. III ТМД елдері ойындары 8 қазанда мәресіне жетеді.
Қазір Қазақстан 2 алтын, 13 күміс және 24 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 5-орында тұр.