Күрес түрлерінен Сербияның НовиСад қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі әлемчемпионатында ел қоржынынаалғашқы жүлде түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Грек-рим күресінен 72 келіде сынға түскен отандасымыз қола жүлде үшін таласта бейтарап спортшы Данил Григоревті мерзімінен бұрын жеңді.
Жарыста Мерей Болгария балуаны Сергей Стоевты 8:0, Түркия спортшысын 9:0 есебімен бет қаратпай жеңсе, жартылай финалдық тартысты белдесуде Өзбекстан өкілі Аброр Атабаевқа 1:3 есебімен жол берген еді.
Айта кетейік, 22 жастағы Мәулетқанов өткен айда ғана ересектер арасындағы дүниежүзілік бәсекеде әлем чемпионы және Париж Олимпидасының жүлдегерін жеңіп, сенсация жасаған еді. Нәтижесінде ол 5-орынға тұрақтаған болатын.
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары